• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:14:22
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2018 Әлеумет

Украинада Лениннің ескерткіштері алынып, мыңға жуық көше атауы өзгерді

Украинаның әр ьұрышы Ленин мен оның жақтастарының мазарына айналғандай еді.

Украинада Лениннің 1500-ға жуық ескерткіші алынып, мыңнан аса елді мекеннің атауы өзгерді. Бұл туралы Украина президенті Петр Порошенко саяси репрессия құрбандарын еске алуға арналған рәсім барысында мәлімдеді.

«2013 жылдың аяғында Украина картасы оқулықтарда Совет одағы коммунистік партиясының тарихына мысал ретінде ғана беріліп жүрді. Біздің елді мекендеріміз Ленин мен оның жақтастарының мазарына айналғандай еді. Қазіргі уақытта 52 мың көше мен мыңға жуық елді мекеннің атауы өзгерді. Лениннің мыңнан аса ескерткіші алынды», - деп хабарлады Украина президенті.

Порошенконың айтуынша, мұндай шешім «Коммунистік және ұлттық-социалистік тоталитарлық режимдерді айыптау туралы» заңнама аясында жүзеге асқан.

Быкивня орманы – украин, поляк және өзге де ұлттардың репресси құрбандарын еске алу рәсімдерін орындайтын ортақ орны. «Сталиннің бұйрығымен атылған мыңнан аса ұлт өкілдерінің зираттарына басымызды иіп, гүл шоқтарын қоя отырып, «Біз, украиндықтар, тоталитарлық режім барысында зардап шеккен халықтармен ынтымақтастығымыз берік екенін мәлімдейміз», - деді Порошенко.

Шараға қатысушылар саяси репрессия құрбандарын 1 минуттық үнсіздікпен еске алды. Петр Порошенко мен оның жары Марина Порошенко Бауырлар зираты мен Орталық мемориалды ескерткішіне, сонымен қатар Мемориалдың поляк бөлігіне гүл шоқтарын қойды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір