• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:54:32
+35°

23 Шілде, 2018 Саясат

Украина жолаушы тасымалына жүйелі өзгеріс енгізбек

Көп адам сиятын автобустар болса 20 жылдан көп жүргендер.

Украина автобуспен жолаушы тасымалына бақылауды күшейтпек. Дәлірек айтқанда көне және кісіге қолайсыз автобустар айналымнан шығады. Бұл туралы осы елдің Инфрақұрылым министрлігі хабарлаған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жолаушы тасымалдаушы компания басшыларымен және өкілдерімен кездесу өткізген министр Владимир Омелян Украинадағы көпеген автобустың жолаушылар үшін қауіпті екенін айтқан.

«Тасымалдаушы автобустарға орташа есеппен 10 жылдан асқан. Көп адам сиятын автобустар болса 20 жылдан көп жүргендер. «Маршрутка»  деп аталатын кейбір транспорт шынына келсек жүк көліктерін жолаушы көлігі етіп жасалғандар. Бұндай транспорт құралдары не қауіпсіздік талабына жауап бермейді, не жайлылығы жоқ», - деп ашын айтқан министр.

Осылайша, 2019 жылдың 1 қаңтарынан жүк көлігінен жолаушылар көліне айналған барлық транспорт құралдары айналымнан шығарылып, айыппұл алаңына кетеді және металл қабылдауға өткізіледі. Сондай-ақ министр барлық жолаушы тасушы компанияларды қазірден парктерін жаңартуға шақырды. Әрі тасымалдағы заңсыз жолаушы тасымалын полицияға бақылауға алуды тапсырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір