• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:29:10
+35°

23 Қараша, 2017 NEWS

Одесса облысының экс-губернаторы мен Жоғары раданың депутаты жемқорлық мәселесін талқылау кезінде тікелей эфирде төбелесе жаздады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Игорь Мосийчук Саакашвилиден «Бандераны жақтайсың ба, жоқ па?» деген сұрағына «Мен Украина жағындамын. Егер Бандера тірі болса, ол бірінші кезекте жемқорлардың көзін жоюшы еді» деп жауап берді. Осы сөздерден кейін Мосийчук Грузияның бұрынғы президентін жемқор деп айыптады.

«Сіз Грузияда жемқор болғансыз. Сондықтан сіз де жемқорсыз. Сол үшін сізді қудалады» деді «Радикалды партия» мүшесі.  Сонымен қатар, Саакашвилидің Украинада саясатпен айналысуға еш құқығы жоқ екенін де атап өтті.

Ашуға булыққан Мосийчуку Саакашвилиді ұрмақ болғанда бағдарлама жүргізушісі оның жолын бөгеді.

Айта кетейік, 2013 жылы Грузияның жаңа президенті сайланғанда Саакашвилидің үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде $5 миллионды жарату айыбы да бар.

Саакашвили Украина азаматттығын алып, Одесса облысы әкімшілігін басқарды, бірақ бір жарым жылдан кейін отставкаға кетті. Украина президенті Петр Порошенко оны азаматтығынан айырды. Осыған қарамастан саясаткер Киевке оралды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір