• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:40:41
Алматы
+35°

07 Мамыр, 2018 Оқиғалар

Владимир Путин қызметіне кірісті

Путиннің инаугурациясы Кремль сарайында өтіп жатыр.

Бүгін Владимир Путиннің инаугурациясы өтті. Ол 4-ші рет Ресей президенті болып сайланды. Келесі президенттік сайлау 6 жылдан кейін өтеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Владимир Путин инаугурация кезінде халық игілігі үшін қызмет етуге уәде берді.

«Ресей президенті қызметіне тағайындалған осы минуттарда әрқайсыларыңыз үшін, көп ұлтты халық үшін, ата-бабаларымыз, Ресей алдында мойныма үлкен жауапкершілік артылып отырғанын ерекше сезініп отырмын» деді Владимир Путин.

Инаугурация

Путиннің инаугурациясы Кремль сарайында өтті.

Айта кетейік, президенттік сайлау 2018 жылы 18 наурызда өтті. Сайлауға келгендердің пайыздық көрсеткіші -  67,54. Владимир Путин  76,69 пайызбен сайлауда жеңіске жетті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Путинге  56,4 миллион сайлаушы дауыс берген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір