• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 15:29:42
Алматы
+35°

12 Маусым, 2018 Саясат

Вьетнамдықтар қытайлықтарға жерлерін 99 жылға жалға беруге қарсы шықты

Қарапайым вьетнамдықтар қытайлықтарды жақтырмайды, ашықтан-ашық келемеждейді, сонымен қатар 4000 жылдық мәдениет пен құндылықтардан айырылып қалудың қорқады

Жексенбіде Вьетнамда мыңдаған адам қытайлықтарға жерлерін жалға беруге қарсы болып, ереуілге шықты. Сонымен қатар елдегі интернеттің қатаң бақылауға алынуына қарсы шықты.

Жақында Вьетнам билігі арнайы экономикалық зона құру мақсатында шетелдіктерге жерлерін 99 жылға жалға беруді қарастыра бастады. Бұл қоғамдық талқыға ілігіп, қарсы шерулерге апарды. Мыңдаған адам бұл шешімге қарсы болып, ереуілге шықты. Барлық шеру No China ұранымен өтті.

Вьетанамда жыл сайын оппозициялық белсенділер мен журналистерді, блогерлерді тұтқындайды. Коммунистік партияның былығын әшкерелеген интернет-ресурстарды бұғатттайды. Бұл ереуілге шығудың екінші себебі болып отыр.

Нәтижесінде Вьетнам билігі жалға беруді «шамалы кейінге қалдырды» және жерді жалға берудің уақытын азайтатын болды.

Қарапайым вьетнамдықтар қытайлықтарды жақтырмайды, ашықтан-ашық келемеждейді, сонымен қатар 4000 жылдық мәдениет пен құндылықтардан айырылып қалудың қорқынышы да бар. Бұрын өткен ереуілдер қытай-вьетанам қарым-қатынасына әсер еткен болатын. Арасында экологиялық апат та бар. Сондықтан митинг мәселесіне келгенде Вьетнам билігі байқап әрекет етеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір