• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:08:53
Алматы
+35°

17 Шілде, 2017 Саясат

Венесуэлада конституциялық реформаға арналған референдум өтті

Мадуро оппозиция өткізген референдумды заңсыз дейді.

Венесуэлада мемлекет президенті Николас Мадуроның конституциялық реформасына орай бүкілхалықтық референдумға жеті миллион адам қатысты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ал Венесуэладағы халық саны 31 миллион адамды құрайды.

Сайлаушыларға президент Мадуроның конституцияға қайта жазу жоспарын қолдайтыны жөнінде сұрақ қойылды. Басым көпшілігі президенттің бастамасына қарсы шықты. Олар Венесуэла конституциясына өзгеріс енгізу парламент рөлін әлсіз етіп, президент өкілеттілігін күшейтеді деп санайды.

Мадуро оппозиция өткізген референдумды заңсыз дейді.

Референдум кезінде ел астанасы Каракаста белгісіз біреулер сайлау аумағында оқ атып, соның салдарынан бір адам мерт болды. Үш адам жарақаттанды. Оппозиция бұл шабуылдың артында билік тұр деп санайды.

Венесуэлада бірнеше айдан бері өтіп жатқан билікке қарсы шаралар барысында 100-ге жуық адам қаза тауып, 500-і жарақаттанды, мыңнан көбі тұтқындалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір