• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:12:05
Алматы
+35°

31 Шілде, 2017 Кәсіпкер

Венесуэла журналистері халыққа шындықты қалай жеткізеді?

«Қайырлы күн, назарларыңызға «Эль Бус ТВ» жаңалықтарын ұсынамыз», - деген сөзді Венесуэла қалаларының автобустарынан ендігі жиі естуге болады.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, билік басында әлі де қалуды көздейтін Венесуэла президенті Николас Мадуро елдегі ауыр дағдарыспен күресу үшін халыққа бар шындықты тарататын 40 телеарна мен радиобағдарламаларды жауып тастаған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Алайда журналистер мойымаған. Халық олардың жаңалығын көгілдір экран арқылы тамашалай алмаса да, тілшілер өздері халықтың алдына барып жаңалық таратып жүрген көрінеді. Бүгінде Венесуэла журналистері автобус жолаушыларына өздері барып, ақпарат таратып жүр.

«Қайырлы күн, назарларыңызға «Эль Бус ТВ» жаңалықтарын ұсынамыз», - деген сөзді Венесуэла қалаларының автобустарынан ендігі жиі естуге болады.

El Bus TV – кәдімгі тірі телевидение. Ешқандай монитордың, декорацияның қажеті жоқ. Теледидар бейнесіндегі жиектемені ұстап алған екі адам қоғамдық көліктерді аралап, мемлекеттік телеарналар жасырып қалған ақпаратты халыққа таратып жүр.

Журналистердің мақсаты – президенттің халықпен санаспай шешім қабылдайтыны, сондай-ақ қалаларда өтіп жатқан митингілер жайында халықты хабардар ету.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір