• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:41:52
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2018

«Үзілмеген үміт» фильмі Ресейде Гран-приге ие болды

Аталған фильмді халықаралық кинофестивальдерде көрсетіп, насихаттауды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жүзеге асырып отыр.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Tanaris Production» кинокомпаниясы түсірген «Үзілмеген үміт» көркем фильмі Ресейде өткен Халықаралық «Свет миру» кинофестивалінде Бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.   

«Үзілмеген үміт» фильмінің режиссерлері – Серік Әбішев және Руслан Магомадов.

Аталған фильмді халықаралық кинофестивальдерде көрсетіп, насихаттауды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жүзеге асырып отыр. 

- Біздің фильмімізге жоғары баға берген «Свет Миру» фестиваліне және оның қазылар алқасына алғысым шексіз. Фильмнің тең режиссері Руслан Магомадовпен, сондай-ақ картинаның түсіру тобымен бірлесіп мейірімге толы,  адамдардың жүректеріне жылу ұялатып, көңілдерін нұрландыратын фильм түсіруге тырыстық, - деді режиссер Серік Әбішев.

Фильмдегі басты рөлдерді Алматы және Алматы облысы балалар үйінің тәрбиеленушілері, сонымен қатар Оңтүстік Кореяның балалары сомдады. Картинаның негізгі түсіру жұмыстары Шығыс Қазақстан облысында өткен. Фильмнің музыкасын еліміздің танымал композиторы Қуат Шілдебаев жазған. Ал, фильмге музыка жазу барысында Батырхан Шүкеновтің саксофонмен орындаған импровизациясы негіз болған.

Естеріңізге сала кетсек, аталған фильм ең алғаш Германияда өткен 64-ші Мангейм-Хайдельберг халықаралық кинофестивалінің негізгі байқауында көрсетілген болатын. 2016 жылы фильмде басты рөлді сомдаған жас актер Амагелді Құсайынов Халықаралық «КиноМалыШок» кинофестивалінде «Үздік бала рөлі» жүлдесімен марапатталған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір