• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:51:13
Алматы
+35°

15 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Үздік офицерлерді анықтауға арналған байқаудың қорытынды кезеңі өтеді

Байқауға қатысушыларға қойылар талап – Ұлттық ұлан әскери қызметшісінің лауазымы бойынша біліктілік талаптары мен білім деңгейінің толықтай сай болуы.

2018 жылдың 15-18 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында «Үздік батальон командирі», «Батальонның үздік штаб бастығы» және «Батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бойынша үздік орынбасары» жүлделері үшін байқаудың қорытынды кезеңі өткізілетін болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Байқау шарасына  қатысушыларға қойылар басты талап – Ұлттық ұлан әскери қызметшісінің лауазымы бойынша біліктілік талаптары мен білім деңгейінің толықтай сай болуы.

Аталған байқау соңғы төрт жыл көлемінде үзбей өткізіліп келеді. Шараның негізгі мақсаты - бөлімшелердегі қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттерді жетілдіру, офицерлердің командирлік дайындық деңгейін арттыру, батальон звеносы бойынша лауазымдық тұлғалардың кәсіби біліктілігін арттыруға ынталандыру, алғы тәжірибелермен алмасу, Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің беделін қалыптастыру болып табылады.

Үздік офицерлерді анықтауға арналған байқау олардың жыл бойғы атқарған қызметтік-жауынгерлік қызметтерінің нәтижесінде жүргізілетін болады. Биыл додаға Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарында ұйымдастырылған байқаудың бірінші кезеңінен өткен 19 офицер қатысып отыр.

Осы күндері байқауға қатысушылар саптық, тактикалық және дене шынықтыру дайындықтары бойынша нормативтерді, ату және атысты басқарудан сынақтар, сонымен қатар жалпы әскери жарғы талаптарын білуден емтихан тапсыратын болады. Байқауда жүлделі орындарға қол жеткізген жеңімпаздар Бас қолбасшылық тарапынан құрмет грамоталары және ақшалай марапаттарға ие болып қана қоймай, ҚР Ұлттық ұланының командалық звеносының кадрлық резервіне енгізіліп, жоғары лауазымдарға көтермеленіп, ұсынылатын болады.

Ату және атысты басқарудан сынақтар, сонымен қатар дене шынықтыру бойынша сынақтар  Ильинка кенті («Үркер» ықш. ауд.), 5573 әскери бөлімі  16 қантар күні сағат 10.00-де өтеді.

Көлікпен жеткізу ұйымдастырылады. Автокөлік 16 қантар күні сағат 09.00-да «Қазмедиа» орталығынан аттанады.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау шарасы 2017 жылдың 18 қаңтарында ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында мына мекенжай бойынша: Астана қ., Жангелдин көш. 2, сағат 13.00-де өтеді.

БАҚ өкілдерін аталған шараға ақпараттық қолдау көрсетуге шақырамыз.

Аккредитация үшін байланыс телефондары:72-40-85, 87752585221 (Олжас), e-mail.ru: [email protected]

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір