10 Қаңтар, 2018 Денсаулық
Ұзақ өмір сүрудің басты құпиясы табылды
Бұл тәсіл адамның өмір сүрі ұзақтығына әсер етеді
Физикалық жаттығулар адамның жүрек қан тамырларының қартаюын алдын алып, уақытынан бұрын көз жұму қаупін төмендетеді. Бұл туралы Техас Университетінің медицина орталығы кардиологтары мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Зерттеуге орта жастан асқан 50-ден астам адам қатысқан. Зерттеуге қатысушылардың жартысы физикалық жаттығулармен айналысып жүргендер болса, екінші топтағылар йогамен айналысқан. Аптасына 4-5 күн болатын жаттығулар 30 минутқа созылған. Одан бөлек зерттеуге қатысушылар далада серуендеу, теннис, велосипед тебу сияқты спорт түрлерімен де айналысқан. Бастапқы 3 айда олар жаттығуларды орташа қалыпта жасап жүрген. Ал 10 айдан кейін жаттығулар жиілігін көбейткен. Нәтижесінде, бірінші топтағы физикалық жаттығулармен айналысқан адамдардың оттегін қабылдауы 18 %-ға жақсарған, сол жақ жүрекше бұлшықеттері 25%-ға ұлғайған.
Зерттеушілердің қортындысы бойынша, 65 жасқа дейін физикалық жаттығу жасаумен айналысуға көшу керек. Ал көп отыру ағзадағы қан айналып жүйесін бұзады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір