• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:25:37
Алматы
+35°

21 Маусым, 2018 Аймақтар

 

Бүгін Астанада «Radisson» қонақ үйінде қазіргі бессайыстан Әлем Кубогі Финалына арналған баспасөз-конференциясы өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ өкілдерімен кездесуге Қазіргі бессайыс Халықаралық Одағының Президенті Клаус Шорман, Қазақстанның қазіргі бессайыс Федерациясы президенті, Қазіргі бессайыс Халықаралық Одағының вице-президенті  Берік Имашев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, қазіргі бессайыстан ҚР Ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Вадим Чудновский, спортшы Лесун Александр және қазақстандық бессайысшы, Әлем Кубогі финалының қола жүлдегері, Азия чемпионы  Павел Ильяшенко. 

Өз сөзінде, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы аталған спорттың елімізде қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтті.

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі атынан барлық қатысушылар мен жарыстың қонақтарына Қазақстанға қош келдіңіздер дегім келеді.  Қазақстан алғаш рет қазіргі бессайыстан Әлем Кубогі финалып қабылдап жатыр. Өз атымнан Халықаралық Одаққа үлкен алғысымды айтқым келеді. Соңғы уақытта бессайыс елімізде қарқынды дамып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы спортшыларының қоржынында заманауи бессайыс бойынша Азия чемпионатының алтын медалі, жастар арасындағы Әлем чемпионатының күміс медалі, UIPM Әлем кубогінің финалының қола жүлдесі мен Азия чемпионатының күміс медалі бар. Мен осы жарыста жаңа есімдер пайда болады деген сенімдемін. Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін»,-деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

        Өз кезегінде, Заманауи бессайыстан Халықаралық Одақ президенті Клаус Шорман, заманауи бессайыстан Әлем Кубогі финалын өткізетін мемлекетті таңдауда қандай негіздерге сүйенгендерін айтып берді. 

Ұлттық құраманың бас бапкері Вадим Чудновский қазақстандық спортшылардың басты бәсекелестері мен Әлем Кубогіне жалпы дайындық туралы айтты.

Айта кетейік, қазіргі бессайыстан Әлем Кубогінің финалы маусымның 21-24 аралығында «Сарыарқа» велотрегі, «Барыс Арена» спорт кешені, «Қазанат» атшабары базаларында өтеді. Шара Астана қаласының 20-жылдығына арналып отыр. Финалға әлемнің ең үздік спортшыларының тізіміне енген 36 ер және 36 әйел спортшы келе жатыр. 

        Қазақстан тарихында заманауи бессайыстан ел абыройын қорғаған мықты спортшылар баршылық. Атап айтқанда, 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарында Александр Парыгин Қазақстанның қоржынына алтын медаль салып берген болатын.

Анықтама үшін: Өздеріңіз білетіндей, бессайыс — бұл бес спорттың жиынтығы: семсерлесу, жүзу, конкур, лазерран  (ату және жүгіру). Әлем Кубогінде Қазақстан намысын Ерлер және әйелдер Ұлттық құрамалары қорғайтын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір