• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:57:25
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 Дәстүр

Үшінші дүниежүзілік көшпенділер ойындары қыркүйекке жоспарланды

Қырғызстан ұйымдастыратын дүниежүзілік көшпенділер ойындары көршілес елдің ең сәтті мәдени жобасы деп атауға болады.

Әлемнің түкпір-түкпірінен өз қызығушылары мен ойыншыларын қалыптастырып үлгерген Қырғызстан ұйымдастыратын дүниежүзілік көшпенділер ойындары бауырлас елдің ең сәтті мәдени жобасы деп атауға болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Осымен үшінші рет өткізілгелі отырған дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2018 жылдың 2- қыркүйегіне Ыстық көл аймағындағы Шолпан-Ата қаласында өтеді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындардың салтанатты ашылуына әлемнің 80 елінен 3000-ға жуық спортшы қатысып,  36 түрлі этникалық спорттық жарыстардан бақ сынайды.

көшпенділер

Ойындарды әлемнің 50 елінен келген 500-ге жуық БАҚ өкілдері жария ететін болады.

Премьер-Министр Сапар Исаков 2017 жылғы 15 желтоқсанда – көшпенділер ойындарын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі дайындық жұмыстары басталғанын айтқан болатын.

Исаков көшпенділер мәдениеті жас ұрпақ арасында танымал болып келе жатқан көне өркениеттердің бірі екенін атап өтті.

«Үшінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ауқымы қатысушы мемлекеттердің іс-шараға қызығушылығын тудырады және еліміздің имиджі мен туристік тартымдылығын арттырады», - деді Исаков.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір