• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:19:49
Алматы
+35°

20 Маусым, 2017 Әлеумет

Ұшақта дүниеге келген сәбиге өмір бойы тегін ұшу сертификаты табысталды

Ұшу барысында сәбидің дүниеге келуі авиакомпания үшін үлкен жаңалық болды.

Ұшу барысында сәбидің дүниеге келуі авиакомпания үшін үлкен жаңалық болды. Ұшақ бортында болған фельдшер мен экипаж ананың босануына жәрдемдесті, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Сауд Арабиясынан Коччиға ұшып бара жатқан Boeing 737 ұшағының бортында сәби дүниеге келді. Бұл туралы The Economic Times хабарлайды. Jet Airways авиакомпаниясы жаңа туған сәбиге өмір бойы тегін ұшуына мүмкіндік жасады. Авиакомпания үшін болған оқиға үлкен жаңалық болды, себебі алғаш рет ұшақ ішінде сәби босанды.

Ұшақ бортында 162 жолаушы болды, лайнер Араб теңізінің үстінде ұшып бара жатқан. Сәби дүние есігін ашуға асыққан болуы керек, ұшақты Мумбайға бұруға тура келеді. Ұшақ бортында болған фельдшер мен экипаж анаға көмек көрсетті. Мумбайға қона сала ана мен сәбиді дереу ауруханаға жеткізді. Екеуінің де жағдайы тәуір.

Сәбидің ұшақта дүниеге келуі – сирек кездесетін жағдай. 2009 жылы AirAsia Пенангтен Кучингке ұшып бара жатқан ұшақта босанған анаға дәл осындай сертификат табыстаған.

Virgin Atlantic авикакомпаниясы сәбиге 21 жылға дейін тегін ұшу мүмкіндігін жасады, ал Cebu Pacific Air жаңа туған сәбиге миллион мильді тегін тарту етті.

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір