• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:50:06
+35°

17 Наурыз, 2018 NEWS

Үш жыл бұрын жоғалған Қарағанды тұрғыны Алматы облысында табылды

2015 жылы маусымда із-түзсіз жоғалып кеткен 44 жастағы ер адамды полицейлер Алматы облысында тапты.

2015 жылы маусымда із-түзсіз жоғалып кеткен 44 жастағы ер адамды полицейлер Алматы облысында тапты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Үш жыл бұрын Қарағанды полициясына қарт ана ұлының жоғалып кеткені туралы арыз берген. Із-түзсіз жоғалғандар тізіміне тіркелген қарағандылық осы уақыт бойы Алматы мен қала маңындағы аудандарда жүріпті.

"Ер адам полиция бөлімшелерінде пайдаланылатын, тұлғаның кім екенін анықтау жүйесінің арқасында табылды. Ол жеке куәлігін ауыстырмақ болған екен. Анықталғандай, туыстарымен ренжісіп үйден кетіп қалған жігіт үш жыл бойы Алматы мен қала маңындағы аудандарда жұмыс істеп, күн көрген. Қазір Ақбастау ауылындағы таныстарының бірінің отбасында тұрады", — деп атап өтті ІІД.

Ер адам үйіне қайтудан бас тартты, бірақ оның табылғандығы және жағдайының жақсы екендігі туралы жеделхат оның анасы мен Қарағанды полицясына жолданған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір