• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:10:49
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2018 NEWS

Үш жыл бұрын Қазақстанда адам өлтірген ер адам Ресейде ұсталды

Ер адам тұтқындалды және Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде

Мәскеуде халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ТАСС жазады.

Ұсталған ер адам осыдан үш жыл бұрын Қазақстанда қылмыс жасаған. Күдікті өзінің танысын мола басына апарып, атып өлтірген.  Күдікті артынша елден кетіп, тығылып жүрген. Алайда оның осы уақытқа дейін Мәскеуде тұрғаны белгілі болғанымен, үнемі мекен-жайын ауыстырып отырған.

«Мәскеу облысының Балашиха қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдары қызметкерлері күдіктіні ұстап, Ресей ІІМ аумақтық бөлімшесіне жеткізді»,-деп хабарлады РФ ІІМ ресми өкілі Ирина Волк.

Ер адам тұтқындалды және Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір