• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:44:51
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2018 Аймақтар

Үржарда түсірілген «Жеті ата» көркем фильмі көрерменге жол тартады

Шығыс Қазақстан облысында тұңғыш рет жеті ата туралы көркем фильм түсірілді

Шығыс Қазақстан облысында тұңғыш рет жеті ата туралы көркем фильм түсірілді. Кинотуынды алдағы наурыз айының 3-5 күндері аралығында аудандық мәдениет үйінде көрсетіле бастайды.

Көркем фильмнің жалпы бюджеті 2 млн 300 мың теңгені құраған. Кинотуындының жалпы мазмұнында негізінен жастарды ата-тектерін ұмытпай, жеті атасын білуге шақыру идеясы қамтылған.

«Фильмге көптеген аудан жастары мен өңіріміздің беделді кәсіпкерлері көмек қолын созды. Атап айтсақ, халық түсіруге қажетті көлік, үй тағы басқа материалдық көмек көрсетті», - дейді фильмнің бас продюссері Фархат Сүлейменов. 

Айта кетерлігі, ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құнанбай» фильмінің режиссері Досқан Жолжақсынов Үржарға келген сапарында киноның мазмұнымен танысып, «Тәңір» киностудиясы деп атап, ақ батасын беріп кеткен екен. 

Түсірілім өткен жылдың маусым айында қолға алынған. Фильмдегі басты рөлдерге жергілікті театр актерлары мен Үржар жастары тартылып отыр. Атап айтқанда, басты рөлдерді Тұран университетінің 2-курс студенті Болат Сүлейменов пен Семей қаласындағы музыкалық колледжінің 1-курс студенті Жанерке Нұржауова, «Керуен» халықтық театрының актері, аудандық мәдениет үйінің әртісі Серік Шәкенов, Анар Садықовалар сомдаған.

Көркем туынды Үржар ауылында түсірілген. Оттай ыстық махаббат, шынайы сезім, үміт күтер ізденіс, жауабы жоқ сұрақтар, өкініш пен жанайқай, өмір үшін күрес - осының бәрі фильмде көрініс табады.

Фильмдегі ғашықтардың басындағы шырғалаң да осы ата дәстүрімен тығыз байланысып, махаббат оқиғасының аяғы бақытты отбасының жеті атаны ұрпаққа дәріптеуімен түйінделеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір