• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 19:10:55
Алматы
+35°

09 Наурыз, 2018 NEWS

ҰҚК Мұратхан Тоқмәдиге қатысты пікір білдірді

Мұратхан Тоқмәди жүргізілген шаралар барысында жедел түрде ұсталып, Жамбыл облысындағы 158/1 мекемесіне уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«2018 жылдың 8 наурызында шамамен сағат 19.20-да, 2004 жылы желтоқсанда белгілі банкир Ержан Тәтішевті қашқын олигарх Мұхтар Әблязовтың тапсырысы бойынша өлтіргенін мойындаған кәсіпкер Мұратхан Тоқмади Шәкерханұлы Жамбыл облысындағы облыстық ауруханадан қашып кетті. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатқан сот отырысы барысында Мұратхан Тоқмәди денсаулығының нашарлағанын айтқан. Сол себепті күдікті уақытша Жамбыл облыстық ауруханасында болған. Мұратхан Тоқмәди жүргізілген шаралар барысында жедел түрде ұсталып, Жамбыл облысындағы 158/1 мекемесіне уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта Тоқмәдидің қалай және не себепті қашып кеткені анықталып жатыр» делінген ҰҚК хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, кеше желіде Мұратхан Тоқмәдидің Жамбыл облыстық ауруханадан қашып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. ҚР Ішкі істер министрлігі Жедел басқарма орталығының өкілдері бұл ақпаратты растады. Ведомсва өкілдері қазақстандық кәсіпкерді ҰҚК ұстағанын айтқан.

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір