• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:36:12
+35°

19 Ақпан, 2018 Оқиғалар

Үндістанда үйлену тойы кезінде газ баллоны жарылып, 18 адам қаза тапты. Жарақат алған 20 шақты тұрғынның кейбірі ауыр халде ауруханада жатыр. Бұл туралы 24.kz  жазады.

Оқиға елдің солтүстік-батысындағы Беавар қаласында болған. Той өтіп жатқан қонақ үйге жақын жерде газ баллоны атылып, ғимараттың бір бөлігі опырылып құлаған.

Құзырлы орган өкілінің мәлімдеуінше, үйінді астында тағы адамдар болуы мүмкін. Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Раджастан штатының билігі қаза тапқандар мен жапа шеккендердің отбасына қаржылай көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір