• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:13:49
Алматы
+35°

03 Ақпан, 2018 Әлеумет

Ұлттық ұланның жедел құрамасы 800 сарбазбен толықты

Еліміздің барлық облысынан жасақталған жас буын екі айға жуық уақытта арнайы дайындықтан өтті.

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде 800 жас жауынгер Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің барлық облысынан жасақталған жас буын екі айға жуық уақытта арнайы дайындықтан өтті.

Ұлттық ұлан

Шараға әскердің ардагерлері, әскери ведомстволар мен атқарушы билік органдарының өкілдері, сонымен қатар жас жауынгерлердің ата-аналары мен жақындары қатысты.

Сапқа қосылған жас сарбаздар енді өзге әскери қызметшілермен бірге Астананың қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындайды.

Ұлттық ұлан

–Жауынгерлерге қаланың 20 жылдық мерейтойына арналған барлық маңызды іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қадағалау міндеті жүктеледі. Біз оларға осы міндеттерді адал да абыроймен атқарады деп үміт артамыз, – деді құттықтау сөзінде құрама командирі полковник С. Шекарбеков.  

Ұлттық ұлан

Елорданың аязына қарамай жас сарбаздарға салтанатты сәтте қолдау көрсету үшін  бөлім аумағына 2500-ден астам ата-ана мен туған-туыстары келді. Олар өз перзенттерінің салтанатты шерумен өткен, Отан қорғаушысы атанған сәтіне куә болды.

Ұлттық ұлан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір