• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 15:38:39
Алматы
+35°

22 Қараша, 2017 Аймақтар

«Ұлттық терминқорды жүйелеудің негіздері» жөнінде отырыс өтеді

«Ұлттық терминқорды жүйелеудің теориялық және ғылыми –тәжірибелік негіздері» республикалық ғылыми- теориялық конференциясы болады.

2017 жылғы 23 қарашада Астана  қаласы,  Достық көшесіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының Конституция залында сағат 10.00 де «Ұлттық терминқорды жүйелеудің теориялық және ғылыми –тәжірибелік негіздері» республикалық ғылыми- теориялық конференциясы болады,- деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси  жұмыстар комитетінің  тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру –әдістемелік орталығы   2017 жылғы 23  қарашада Астана қаласында  «Ұлттық терминқорды жүйелеудің теориялық және ғылыми –тәжірибелік негіздері» тақырыбында  республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференцияда қазіргі терминжасам, терминқорды жүйелеудің мәселелері,  Алаш қозғалысы зиялыларының қазақ терминжасам қағидаларын қалыптастырудағы орны, терминдерді реттеу, бірізділеу мен стандарттаудың  маңызды теориялық және ғылыми –практикалық мәселелері қозғалады.    

Аталған конференцияға Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық мемлекеттік терминологиялық комиссия мүшелері, ҚР Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, терминолог-ғалымдар, докторанттар мен магистрлар,  орталық және жергілікті атқарушы  мемлекеттік органдардың  қызметкерлері,   сондай-ақ қоғамдық ұйымдар, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ  қатысады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір