• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:33:15
Алматы
+35°

14 Шілде, 2018 Саясат

Ұлттық қауіпсіздік болмаған жерде мемлекеттің өзі де жоқ

Осыдан 26 жыл бұрын Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті құрылған болатын.

Осыдан 26 жыл бұрын, 1992 жылғы 13 шілдеде, Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті құрылған болатын.

Дәл осы сәттен бастап жаңа дербес отандық арнайы қызметтің тарихы бас­тау алып, әртүрлі кезеңдерді бастан өткерді. Егемен ел болған жас мем­лекетіміздің толықтай қалыптасып, одан әрі қарыштай дамуының ма­ңызды да басты алғышарты – тұрақтылық пен қауіпсіздік еді. Елбасының: «Ұлттық қауіпсіздіктің міндеті – елдің негізгі, өмірлік аса маңызды мүдделері – ұлттық дербестікті, аумақтық тұтастықты, халықтың өмірін қорғауды кепілді түрде қамтамасыз ету болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде, ұлттық қауіпсіздік мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз ететін жүйе түрінде танылады: ұлттық қауіпсіздік болмаған жерде мемлекеттің өзі де жоқ» деген ұстанымы да осыны аңғартқандай. Әлемнің түкпір-түкпірінде орын алып жатқан теріс құ­бы­лыс­тар халықаралық қауіп­сіз­­дік­­тің бір бөлігі ретінде біздің елі­мізге де өз әсе­рін тигізбей қой­май­ды. Сондықтан ұлттық қау­­іп­­сіздік органдарының қалып­та­су, одан әрі даму жолы әрдайым Қазақстан Президентінің ай­рық­ша назарында, жан-жақ­ты қолдауында болды. Ол Елба­сы­ның Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында айтылып келеді. Қауіпсіздік органдарының та­рихы тереңде жатыр. Кеше­гі Ұлы Отан соғысы жыл­да­рын­да­­­ғы, одан кейінгі жыл­дар­да­ғы бар­лау және қар­сы бар­лау опе­ра­ция­ларындағы ардагер­ле­­­рі­міз­дің ерен ерлігі мен кәсіби шеберлігі осы­ның куәсі. Уақыт өткен сайын көп нәрсе­нің өзге­ре­тіні заңдылық, алайда осы күнге дейін өз­ге­ріссіз келе жат­қан бір ғана нәрсе бар, ол – Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті органдары қыз­метінің басты міндеті еліміздің ұлттық қау­іпсіздігін сенімді қамтамасыз ету, егемен мем­­лекетіміздің әрбір азаматын шет­ел арна­йы қызметтерінің, сан түр­лі террористік, экс­тремистік жә­не өзге де заңсыз ұйымдар мен топ­тардың теріс пиғылынан қор­ғау. Осындай құқықтық негізі, өзін­дік бай тарихы бар құ­ры­лым өз міндеттерін мүл­тік­сіз орын­дау­дан жаңылмай келе жа­тыр. Жылдар өткен сайын ол әр уақыт­тың әртүрлі қауіп-қатер­ле­ріне уақтылы ден қою үшін же­ті­ліп, құрылымын ұтымды түрде оңтайландырып келеді. Аталған жетілдіру жұмыс­та­рының қатарында Мемлекет бас­шысының сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерді елеп-екшеуінің нә­ти­жесінде ҰҚК жүйесінде уақыт талабына сай өз алдына жеке қызметтер құрылғанын ерек­ше атап өту қажет. Оны Пре­зи­дент Жарлығымен 1993 жы­лы Экономикалық қауіпсіздік, сы­­бай­лас жемқорлыққа жә­не контрабандаға қарсы күрес бас басқармасының құ­ры­луы­нан, 2016 жылдың жел­тоқ­сан айында Қазақстан Прези­де­­нт­і­нің шешімімен ҰҚК-де Эко­но­­м­и­калық қауіпсіздік қыз­ме­ті­нің құ­рыл­ға­ны­нан көруге болады. Бүгінгі күні аталған қыз­мет құ­­ры­лымның маңызды қарсы бар­­лау бөлім­ше­лерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мін­­дет­терінің бірі – еліміздің эко­но­микалық әлеуетін қорғау. Мемлекет тарапынан ел эко­номикасын дамыту мақса­тын­да  қабылданып жатқан бағ­дар­ламалар мен жобалардың кедер­гі­сіз іске асуын қамтамасыз ету, олар­ға қандай да бір қылмыстық ар­а­ла­суды болдырмау, сондай-ақ трансұлттық қылмыстық топ­тар­ға қарсы күрес жолында қы­руар шаралар іске асырылды. Оның нәтижесінде мемлекет қа­зынасына елеулі қаржы қай­та­рылды. Атап айтар болсақ, соңғы жылдың өзінде мем­лекетке 120,4 млрд теңге сомасында эко­но­­ми­калық зиян келтірудің жолы кесі­ліп, анықталған фактілер бойынша бюджетке 117,5 млн теңге қайтарылды. Оған шетел және отандық субъектілердің зиянды әрекетінің алдын алу және жолын кесу нәтижесінде қол жеткізілді. Сонымен қатар осы тұста тәу­ел­сіздіктің ал­ғашқы жыл­да­рын­да Оңтүстік-Батыс Азия ел­­дерінен есірткі легі лап қойып, елі­мізде нашақорлық пен есірткі биз­несінің кең етек алу қаупі туын­даған кезеңді атап өтуге болады. ТМД ғана емес, өзге де алыс шетел мем­ле­кет­терінің арнайы қызметтерімен бір­лескен іс-қимыл нәтижесінде алғашқы ірі есірткі партия­лары заңсыз айналымнан алына бастаған еді. Осындай операциялардың алғашқылары ре­тінде «Сафари», «Найза», «Қақпан» және тағы басқаларын атауға болады. Осы бағыттағы жұмыстар бүгінгі күні де өз жалғасын тау­ып отыр. Соңғы жылдың өл­ше­мі­мен алып қарайтын бол­сақ, ха­лықаралық есірткі бизне­сі­не қар­сы күрес бағытында 5 ха­­лық­аралық операция жүргі­зіл­ге­нін, 14 ха­лық­аралық және 9 өңір­лік есірткі тасымал­дау арна­сы­ның жойылғанын көруге бола­ды. Ал­ғаш рет Қазақстанда жасырын синтетикалық есір­ткі өндіру зерт­ханасы жойылды. Жалпы, заңсыз айналымнан 389 кг есірткі заты, оның ішінде 14,4 кг героин, 3,7 кг апиын, 12,8 кг гашиш және 358,2 кг марихуана алынды. Одан бас­қа, халықаралық пошта жөнелтілімдері арнасы­нан Қа­зақ­­стан Республикасында кө­лең­­келі Интернет сегмент­те­­рі ар­қылы таратылатын син­те­ти­ка­­лық есірткі мен психо­ак­тивті зат­­тар шығарылды.  Қарсы барлаудың негізгі мін­дет­терінің бірі – шетелдің арнаулы қызметтері мен ұйым­дарының бар­лау-бүлдіру шараларына қар­­сы тұру. Бүгінгідей өзге елдермен сая­си, әлеуметтік, мәдени, сауда-сат­тық және басқа да салалар бойын­ша ашық қарым-қатынас ор­­нап, өзара елшіліктер мен өкіл­діктердің ашылуы, елімізде ха­лық­аралық ұйымдардың жұмыс істеуі – осының баршасы қарсы бар­лау қызметінен заманға сай жа­ңа тұрғыда әрекет етуді талап етуде. Осындай жағдайда тынымсыз іс-қимыл нә­тижесінде қарсы барлау шетел мем­ле­кет­тері арнайы қызметтерінің барлау жә­не өз­ге де бүлдіру әрекетіне қарсы тұру, рес­­пуб­ликамыздың стратегиялық ма­ңы­з­ды объ­ектілерінде қарсы бар­лау іздеуін ұйым­дас­тыру бой­ын­ша біршама тәжірибе жинақ­тап, мемлекеттік құпияларды қор­­ғау жөнінде ша­ра­лар жүйесін же­тіл­діруде. Қазіргі күні адамзат баласына төнген негізгі қауіптің бірі – ха­лықаралық терроризм мен онымен тығыз байланысты діни экстремизм болып отырғаны жасырын емес. Террористік актілерді және экстремизм ошағының туын­дауын болдырмауға тек олар­дың алдын алу бойынша ұдайы жұмыс жүргізу арқылы ға­на қол жеткізуге болатынын уақыт көрсетіп отыр. «Терроризмнің ушығып тұр­ған кезеңінде өңірдің бар­лық мем­лекеттері мен мүдделі ел­де­рінің іс-қимылы мен белсенд­і­лігін үй­лестіруді жаңа сапалы дең­гейге көтеруге біз дайынбыз», деп Елбасы айтқандай, жо­ғарыда айтылған теріс құбы­лыс­тардың біздің өмі­рімізге енуіне жол бермеу бағытындағы жұ­мыстар үздіксіз жүргізілуде. «Орталық Азия моджахеттерінің жамааты», «Джунд-әл-Ха­лифат», «Хизб-ут-Тахрир» және басқа да құ­­рылымдардың жойылып жібе­рі­луі осыған дәлел. Осы соңғы жылдың өзінде ра­ди­калды діни идеологияны ұстанушылар тарапынан терро­рис­тік акт жасау ниетіндегі 3 әре­кет бастапқы кезеңінде-ақ тоқ­татылды. 4 радикалды топтың және 18 жекелеген адамның теріс іс-қимылының жолы кесіліп, 77 ради­кал сотталды, сондай-ақ 30-ына қатысты қылмыстық іс тер­ге­ліп жатыр. Осы кезеңде Қазақстан аума­ғында терроризм мен экстремиз­м­ге қатысы бар 24 шетел азаматы ұс­та­лып, тиісті мем­лекеттердің ар­найы және құқық қорғау орган­дарына берілді. Алдын алу ша­ра­ларының нәтижесінде діни ұйым­дардың 40 белсендісі деструктивті иде­о­логияны насихаттауын тоқ­­тат­ты, сондай-ақ ішкі істер ор­ган­­дарымен бірлесіп, 22-сі экс­тре­мизм үшін қылмыстық жау­ап­тылыққа тартылды. Жоғарыда айтылғандармен бір­ге, тыйым са­лынған «Ат-так­фир уаль-хиджра» діни-экс­тре­мистік ұйымы бөліктерінің 9 жетекшісі және «Таблиғи жа­ма­ғаттың» 28 белсендісі сот­талды. Қазақстанға экстремистік сипаттағы әдебиетті әкелудің 40 әрекетінің жолы кесілді. Интернет же­лісінде 150-ден артық экс­тре­мистік материалдарға сіл­теме бейтарапта­ндырылды.   Аталған қызметтер қатарында «А» қыз­ме­тінің қызметкерлері де ортақ іске үлкен үлес қосып ке­леді. Олар ерен ерліктің жар­қын үл­гісі болып табылады. Хал­қымыздың бей­біт өмірін сақ­тап қалу, ел тұрақтылығы мен ты­­ныш­тығын қорғау жолында олар­дың қаза тапқандары да аз емес. Осы жылдың бірінші жарты­жыл­дығының өзінде, осы қызмет 20-дан аса іс-шараға, оның ішінде заң­сыз қарулы құрылымдар қа­та­рында жауынгерлік іс-қи­мыл­дарға қатыспақшы бол­ған Қазақ­стан­ның 3 азаматын Ыстанбұл қа­­ла­сынан Астанаға жедел экс­тра­дициялауға қа­тысты. Аталған іс-шара шеңберінде және басқа да міндеттер бойынша 100-ге жуық объект пысықталды. Қазір арнайы мақсаттағы «А» қызметі ең заманауи қару-жарақ­пен, қажетті құрал-жабдықпен жә­не қазіргі заманғы техника үл­гі­лерімен жарақталған кәсіби ше­берлігі жоғары бөлімше болып отыр. Оның құрамында арнайы қыз­меттің елегінен өткен, антына адал, елі үшін жан қиюға да­яр жауын­герлер қызмет етіп жүр. Олар кез келген уақытта өз мін­деттерін орындауға дайын. Елбасының: «Ұлттық қауіп­сіз­дік ко­ми­тетінің «А» арнаулы мақ­саттағы қыз­меті бейбіт және әс­кери уақытта да жүк­тел­ген мін­деттерді жеке және басқа да мем­ле­кеттік органдардың арнаулы мақсаттағы бөлім­ше­лерімен бірге орындауға қабілетті», – деп бағалауы осының айғағы. Жас мемлекетіміздің басына төнуі мүмкін қауіп-қатерлердің қатарында киберқылмыс түрі де бар. Ол күн өткен сайын өзек­ті мәселеге айналып барады. Сон­­дықтан Мемлекет басшысы Үкі­мет пен Ұлттық қауіпсіздік коми­тетіне «Қазақстанның ки­бер­­қалқаны» жүйесін құру жө­­нінде тапсырма берген болатын. Осыдан да Елбасымыздың біздің жұмысымызға нақты бағдар берер келешекті дәл болжайтын саяси көрегендігін байқау қиын емес. Тәуелсіздіктің даму кезеңінде елі­міз­дегі үкіметтік байланыс тех­никалық тұрғы­дан аса зор өрлеу жолынан өтті. Стан­са­лар мен тораптардың жаңғыртылуы рес­пуб­­ликамыздағы үкіметтік және басқа да қор­ғал­ған түрлерін заман талабына сай қам­та­масыз ету­ге мүмкіндік тудыруда. Әлемде әртүрлі деңгейдегі көп­теген қақ­ты­ғыстардың басым бөлігі шекара мәсе­лесіне қатыс­ты туындайтынын тарих көрсетіп отыр. Сондықтан Н.Назар­баевтың сарабдал сая­са­тының арқасында осындай жағдайларға жол бермеу үшін бар­лық көршілерімізбен шекарамызды шегендеп алдық. Ол ту­ралы Мем­лекет басшысы: «Әлем мем­лекеттері ара­сын­да аумағы бой­ынша тоғызыншы орын алатын Қазақстан шекарасы, қи­ын­дықтарға қарамастан, сенім­ді қорғалатын болады», деген бо­латын. Елбасы айтқандай, бү­гінде шекарамыз сенімді қор­ғалуда.   Қазіргі таңда Мемлекет бас­шы­сының тұ­рақты көңіл бөл­уі және тікелей басшылығы ар­қа­сын­да Ұлттық қауіпсіздік ко­ми­теті тәу­ел­сіз Қазақстанның ты­ныштығы мен тұ­рақ­­тылығын қам­тамасыз ету саласында сан түр­­лі бағытта қызмет атқаратын ұт­қыр да қа­зіргі заманға сай техникамен жарақ­тал­ған ірі құ­рылымға айналып, еліміздің ұлт­тық қау­іпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүк­тел­ген міндеттерді орындауға дайын.

Венера Түгелбай, «Егемен Қазақстан»

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір