• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:28:22
Алматы
+35°

15 Маусым, 2017 Кәсіпкер

Ұлттық палата Съезінде «Атамекен» басшысын қайта сайлады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Съезінің делегаттары Тимур Құлыбаевты Төралқа Төрағалығына қайта сайлады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Съезінің делегаттары Тимур Құлыбаевты Төралқа Төрағалығына қайта сайлады.

Айта кетелік, Заңға сәйкес Съезд құзіретіне лауазымдарға сайлау және босату міндеті кіреді. «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы құрамына Қазақстанның бизнес-омбудсмені, акредиттеуден өткен 16 қауымдастық, 16 ҚР Парламент депутаты мен қоғам қайраткерлері, 16 Кәсіпкерлерді қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің өңірлік төрағалары кіредім(барлығы 52 адам). Төралқаға сайланған лауазымдардың қызметі 4 жылды құрайды.

Кездесу барысында Тимур Құлыбаев басышылық еткен жылдар ішінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсібилігі мен қуаттылығын дәлеледеді. Дамудың басым бағыттары бойынша айқындалған жоспар сәтті жүзеге асуда.

Өз кезегінде ҰКП басшысы Тимур Құлыбаев бизнес өкілдеріне алғыс айтып, өзіне артылған сенімді ақтауға тырысатынын жеткізді.

 «Төрт жылы ішенде «Атамекен» билік пен бизнеске отандық кәсіпкерлікті қолдауға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға және шешудің тиімді әрі салмақты алаңына айналды», – деді Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.

 ҰКП басым бағыттарының бірі – кәсіпкерлердің құқығын қорғау болып табылады. Жылдан жылға кәсіпкерлерден Ұлттық палатаға түскен өтінімдер саны артып келеді. Бизнесті қорғау бойынша ҰКП-ға 18 623 өтінім келіп түскен.

«Атамекеннің» заңгерлерімен қорғалған мүліктік құқықтың жалпы сомасы – 81,6 млрд теңге. Онда айыппұлдар мен өсімпұл алынып тасталды, контрагенттерлің келісімшарттық міндеттері орындалды, мүліктер қайтарылды, хабарламалар алынып тасталды», – деді Тимур Құлыбаев.

Салалық кәсіпкерлер пікірін саралап, «Атамекен» ҚР ҰКП бизнес-ортаны қалыптастыруда маңызды 5 негізгі бағытты анықтады. Біріншісі – макроэкономикалық тұрақтылық, екінші меже – экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту. Үшіншісі – мемлдекеттік қолдаудың «көлденең» шараларына кезең-кезеңмен көшу. Төртіншісі – бизнеске бағдарланған реттеу және бесіншісі – кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

 

Айта кетелік, Астанада «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының IV Съезі өткізілді. Онда 500-ден астам делегаттар мен Қазақстанның әр өңірінен келген бизнес өкілдері қатысты.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір