• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:07:43
Алматы
+35°

17 Қазан, 2017 Экономика

Ұлттық банк: валюта нарығындағы жағдай тұрақталып келеді

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев ҚР Үкіметі отырысында теңгенің болашағы жайлы айтып берді

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев ҚР Үкіметі отырысында теңгенің болашағы жайлы айтып берді,-деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сүйене отырып жазады.

«Ішкі валюта нарығы соңғы айларда өте құбылмалы болғаны белгілі. Бұл бірінші кезекте алыпсатарлық фактормен байланысты болды. Алайда жағдай біршама тұрақтанып келеді. Орта мерзімді преспективада ұлттық валютаның бағамын анықтайтын іргелі факторлар теңге бағамының күшеюіне әкеліп отыр», - деді Ақышев.

Ол белгілі бер кезеңде шетелдік валютаның тапшылығы кезінде Ұлттық банк ұлттық валютаны сатқанын атап өтті. «ҚР Ұлттық банкінің алтын валюталық резервтері 10,2%-ға артып, 33 млрд АҚШ долларын құрады. ҚР Ұлттық қорының валюталық активтері 57 млрд АҚШ долларына жетті. Жалпы халықаралық резервтер 89 млрд АҚШ доллары болды», - деді Ұлттық банк басшысы. Оның айтуынша, халық арасында ақшасын доллармен сақтайтындардың қатары азайып келеді. «Ұлттық валюта ақша сақтаудың құралы ретінде танымал құрал болып отыр. Жыл басынан бері теңге депозиттері 6%-ға артқаны белгілі болды», - деді Ақышев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір