• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:00:02
Алматы
+35°

07 Наурыз, 2018 Экономика

Ұлттық банк: Қазақстандағы инфляция жыл басынан бері 6,5% құрады

Жылдық инфляцияның 2018 жылға арналған нысаналы дәліз ішінде баяулауы жалғасады.

Алматыда ҚР Ұлттық Банкі өкілдері қаржы сарапшыларымен кездесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында ақша-кредит саясаты, ақша және валюта нарығындағы жағдай, сондай-ақ қаржы реттеушісінің базалық мөлшерлеме деңгейін 9,75%-дан 9,5%-ға дейін төмендету мәселелері талқыланды.

Ұлттық Банктің Зерттеулер және статистика департаментінің директоры Виталий Тутушкин қатысушыларға жылдық инфляцияның 2018 жылға арналған нысаналы дәліз ішінде баяулауы жалғасатынын айтты. Ол инфляцияның 2018 жылдың ақпан айынан 6,5% болғанын атап өтті.

«Бағаның мұндай серпіні сыртқы инфляция және ішкі нарықтағы жиынтық ұсыныстың өсуіне негізделді. Сауда әріптес елдердегі инфляцияның төмен деңгейі импорттық
тауарлар бағаларының төмендеуіне ықпал етуде. Бұдан басқа, халықтың нақты ақшалай табыстарының теріс серпіні сақталған кезде ішкі тұтынудың қалпына келуі баяу
қарқынмен жүріп жатыр», - деп түсіндірді В. Тутушкин.

Ұлттық Банктің бағалауынша, 2018 жылдың 4-тоқсанында инфляция 5%-дан аз (нысаналы дәліздің төменгі шегінен төмен) болуы мүмкін.

«Өткен жылы тауарлар бағасы бұрынғыға қарағанда тезірек өсті деп есептейтін
респонденттердің үлесі жыл басынан бері 52,1%-дан 47%-ға дейін төмендеді, бұл халықтың инфляцияны қабылдауының жалғасып келе жатқан жақсаруын куәландырады», - деді В. Тутушкин және ағымдағы жылы экономикалық белсенділік сенімді өсуін
жалғастыратынын атап өтті.

Сөзін қорытындылай келе қаржы реттеушісінің өкілі инфляцияның баяулауы және экономиканың орнықты өсу бағытына біртіндеп шығу аясында ақша-кредит талаптары
бейтараптыққа ұмтылуын жалғастыратынын атап кетті. «Базалық мөлшерлемені одан әрі
төмендету жөніндегі саясат инфляцияның болашақ деңгейінің орта мерзімді нысаналы дәлізге сәйкестігін және 2018 жылы инфляцияның барынша тез төмендеу тәуекелдеріне,
олардың шектеулі және қысқа мерзімді сипатына қарамастан 2020 жылға қарай 4%-дық мақсатқа жетуін қамтамасыз етеді».

Өз кезегінде, ҚРҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия
Молдабекова елдің валюта және ақша нарықтарындағы ахуалға түсініктеме берді.

«Ішкі валюта нарығындағы ахуал шетел валютасы сұранысы мен ұсынысының теңгерімділігімен сипатталады. Сыртқы іргелі факторлардың серпіні жеткілікті түрде жағымды. Ақша нарығында теңге өтімділігінің құрылымдық профициті сақталуда».

Таныстырылымнан кейін Ұлттық Банк өкілдері осындай кездесулерді өткізудің
маңыздылығын атап өткен сарапшылардың сұрақтарына жауап берді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің сарапшылармен кездесуді тұрақты негізде қаржы
реттеушісінің нарықпен және қоғамдастықпен белсенді коммуникациялары саясатының шеңберінде өткізетінін еске саламыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір