• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:01:51
Алматы
+35°

09 Қазан, 2017 Денсаулық

Ұлт  саулығы жіті назарда

Өңірде нәзік жандылардың ішіндегі 169256-сы   ұрпақ өрбітуге қабілетті екен.

Отбасы, әсіресе ана мен баланың денсаулығы -  ұлт  саулығының кепілі.  Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау мамандары демографияға дүмпу әкелетін  ұрпақ өрбітуге қабілетті әйелдердің денсаулығын жіті қадағалап келеді.   

Өңірде нәзік жандылардың ішіндегі 169256-сы   ұрпақ өрбітуге қабілетті екен. Оларға облыс бойынша медициналық ұйымдарда  30-ға жуық отбасын жоспарлау кабинеті жұмыс жасайды екен. Бұл кабинетте қыз-келіншектер жүктілікті жоспарлаудың маңыздылығын ұғынып, түрлі тұқым қуалайтын аурулар, туа пайда болатын ақаулар, жұқпалы және тағы басқа дерттер бойынша кеңес ала алады. Облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғалидың мәліметінше, өңірде жүкті әйелдердің 8 %-ы қаназдық дертімен есепте тұрады екен. Бұл келіншектер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 4 қарашадағы №786 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары бар  халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес темір сульфаты препараттары мен аскорбин қышқылы, фоли қышқылы секілді дәрі-дәрмектерді тегін пайдалануда. 

Сонымен қоса  өңірдегі денсаулық сақтау мамандарының айтуынша, қыз-келіншектердің арасында белең алған гинекологиялық дерттердің  ішінде жатыр мойнының жарасы, анабез қосалқысының қабынуы, жатыр миомасы жиі кездеседі екен. Аталмыш дерттерге жыныстық жолмен тарайтын инфекциялар, дұрыс тамақтанбау, нервтік стресстерден болатын эндокриндік ауытқулар, экология және  жыныстық серіктің көп болуы себеп болады екен. Аталмыш сала мамандары нәзік жандыларға гигиена сақтап, жылына кем дегенде бір рет гинеколог дәрігерге қаралып, іншік сүртіндісін тапсыруға кеңес береді.

 

Гүлім АҚАП,

Батыс Қазақстан облысы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір