• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:29:21
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2018 NEWS

Алматыдағы Үлкен Алматы өзені қызыл түске боялды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Үлкен Алматы өзенінің суы қызыл түске боялғаны анық көрінетін  видео әлеуметтік желіде таралды.

Видеоларды түсірген Алматы тұрғындарының айтуынша, бұл жағдай кеше сағат 19:30-да болған.

"Әу баста суға күн шағылысып тұр екен деп қалдық. Ұлым далаға суды көру үшін шықты. Анықтап қарағанда судың түсі қызғылт екенін байқадық",-дейді өзен бойында тұратын қала тұрғындарының бірі.

Оның айтуынша, суды видеоға түсіру кезінде ешқандай бөтен иіс сезілмеген. Қазіргі уақытта Төтенше жағдай мамандары бұл мәселенің себептерін анықтап жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір