• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:54:02
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2018 Әдебиет

Ұлықбек Есдәулет Қазақстан жазушылар одағының төрағасы қызметіне кірісті

Төраға болып сайланған Ұлықбек Есдәулет журналистерге берген сұхбатында ең біріншіден одақты батып отырған шығындардан құтқару мәселесін көтеретінін айтты.

2018 жылдың 12 наурызында Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болып Ұлықбек Есдәулет сайланды. 13 наурызда ол төрағалық қызметіне ресми кірісті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ақын Жанарбек Әшімжан жаңа төрағаның қызметіне кіріскен сәтінен фото суреттер жариялады.

Жазушылар одағы - Ұлықбек Есдәулет

Жазушылар одағы - Ұлықбек Есдәулет

Жазушылар одағы - Ұлықбек Есдәулет

Ұлықбек Есдәулеттің орынбасары болып Бақыт Беделхан, Ақберен Елгезек, Мереке Құлкенов пен Бауыржан Жақып тағайындалды.

Төраға болып сайланған Ұлықбек Есдәулет журналистерге берген сұхбатында ең біріншіден одақты батып отырған шығындардан құтқару мәселесін көтеретінін айтты.

«Алты ай бойы жазушылар одағының қызметкерлері айлық дегенді көрген жоқпыз. Салық пен жалақыны төлей алмай отырған жазушылар одағына мені төраға етіп сайлап, үлкен жауапкершілік жүктеп қойды. Бұған қатты қуанарлықтай жағдайым жоқ. Мен иығыма түсіп тұрған ауыр жүкті сезіп тұрмын. Ендігі мақсат -  Жазушылар одағының жағдайын түзету. Жазушылардың жағдайын жасау секілді мәселе сонымен қоса жүреді», - деген еді жаңа төраға.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір