• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:32:59
Алматы
+35°

15 Желтоқсан, 2017 NEWS

Ұлыбританияда дәрігер науқастардың бауырына қолтаңбасын қалдырған

Ауруханадан ол бұл жайттың беті ашылғаннан кейін дереу қуылды.

Ұлыбританияда ағза алмастыру операциясы кезінде дәрігер науқастың бауырына лазер арқылы аты-жөнінің бас әріптерін қалдырған  деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасай отырып.

Бауыр алмастыру операциясы кезінде дәрігер қан тоқтататын арнайы лазер арқылы қос науқастың бауырына өзінің аты-жөнінің бас әріптерін қалдырған. Науқастардың екеуі де ол кезде анестезия әсерінде болған. Қалдырылған қолтаңбалар адам үшін зиянсыз әрі уақыт келе жоғалып кетуі тиіс еді. Алайда бұлай болмаған, науқастар екінші рет тексеруге келгенде шындықтың беті ашылыпты. 

Қазіргі уақытта дәрігерге қатысты сот ісі басталды. Бирмингемдегі сот отырысы кезінде 53 жастағы Саймон Брэмхолл қос жағдайға қатысты өзін кінәлі деп тапты, бірақ жапа шегушінің денесіне зақым келтіріп, жәбір көрсетті деген айыпты мойындаудан бас тартты.

Медициналық қызметкерке қатысты сот үкімі 12 қаңтарда шығады. Тергеу және сот ісі аяқталғанға дейін Брэмхолл кепілмен еркіндікте қалады. Ал ауруханадан ол бұл жайттың беті ашылғаннан кейін дереу қуылды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір