• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:17:46
Алматы
+35°

22 Маусым, 2018 Аймақтар

23-24 маусым күндері "Боралдай сақ қорғандары" археологиялық паркінде халықаралық «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этнофестивалі өтеді. Оған бір күн ішінде ғана 15000-нан астам келеді деп күтілуде.

Алматыға Венгрияның, Монғолияның,Украинаның, Өзбекстанның, Башқұртстанның, Тывы мен Дағыстанның,Саха мен Алтай Республикасының, Қалмақия мен Бурятияның және басқаларының әскери дәстүрді сақтайтын өкілдері келеді, олар түрік елдерінің көнеден сақталған әскери өнері мен шеберліктерін паш етеді.

Фестиваль қонақтарына ыңғайлы болу үшін таңғы сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін "Боралдай сақ қорғандары" паркіне дейін және кері бағытқа төрт нүктеден арнайы авотбус бағыттары ұйымдастырылған, олар: «Алматы Арена» («Алатау» ДӨТ көлік алаңы), «Алматы-1» теміржол вокзалы (Осипенко көшесінің бойымен,С.Сейфуллин көшесінің қиылысы), Орталық стадион (.А.Байтұрсынов көшесі бойымен, Абай даңғылы мен Сәтпаев көшесінің арасы) және метроның «Райымбек» бекеті (Н.Назарбаев даңғылы,Райымбек батыр даңғылынан төмен). Жолақысы 150 теңге.

Алматылықтар мен қала қонақтары батырлардың жекпе- жегіне, аттың үстінде тұрып жерден тыйын көтеретін, қарсыласын ертоқымымен бірге аттың үстінен суырып алатын шабандоздардың шеберлігі мен ептілігіне тәнті болады.

Бұлардан өзге, шараға келгендердің әрқайсысы өз мүмкіндігін саралап, түрлі сайыстарға,викториналарға қатысып, бағалы сыйлықтарға ие болып, зергерлік бұйымдарды, ұлттық тағамдарды, шағын киіз үйлерді көре алады. Үздік ұлттық киімге арнайы жүлде қарастырылған. Кішкентай көрермендерді көңілді әрі танымдық шаралар күтіп тұр.

« Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этнофестивалі ғасырлар қойнауын қайта жаңғыртады, ел тарихына деген сезімді күшейтеді, тарихи сауаттылықты арттырып, қазақстандықтарды патриотизмге баулиды. Көрсетілімдерді тамашалау - ежелгі қазақ "аттракционының" көрерменіне айналу, үйретілмеген тұлпарды бағындыру», - деді Басқармадағылар.

Фестиваль аясында садақшылар турнирі, ұлттық қазақ күресі, бәйге, бүркітшілер мен аң аулайтын иттердің сайыстары ұйымдастырылады. Бұлардан өзге, этникалық музыканың әлемдік жұлдыздарының, «Сазген сазы» этно- фольклорлық ансамблінің,«Ұлытау», «Алашұлы», «Самрад» топтары мен басқалары өнер көрсетеді.

Шара 23-24 маусымда сағат 10:00 ден 19.00 –ге дейін Алматы қаласы Алатау ауданындағы «Боралдай сақ қорғандары» архиеологиялық паркінде өтеді, кіру тегін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір