• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:14:33
Алматы
+35°

15 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Үкіметтік емес ұйымдарға өз қызметтері туралы ақпараттарды беру ұсынылды

Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдарға өз қызметтері туралы ақпараттарды беру ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің бұйрығына сәйкес, 2018 жылғы 15 қаңтардан  бастап  «Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру ережелерінің» жеңілдетілген нұсқасы қолданысқа енгізілді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жеңілдетілген Ережелерге сәйкес:

- ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді енгізу бойынша нысан оңтайландырылды: бірқатар тармақтар жойылды және нақтыланды, ыңғайлы толтыру үшін ақпарат кесте түрінде ұсынылды;

- нысанды толтыру барысында дұрыс және жүйеленген ақпаратты қамтамасыз ету үшін өңірлер, ұйым қызметінің бағыттары, оның ұйымдастырушылық-құқықтық нысандар бойынша тиісті тізімдер қосылды;

- құрылтай құжаттарды, бухгалтерлік теңгерімді ұсынуға талап ететін нормалар жойылды;

- ұйымның кіріс және шығыс туралы тармақтар салық есебінің нысанына сәйкестендірілді.

2017 жылғы 1 наурыздан бастап «ҮЕҰ дерекқоры» ақпараттық ресурсы (infonpo.kz) өз жұмысын бастаған болатын. Мәліметтерді infonpo.kz веб-портал арқылы электрондық түрде ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажет.

Мәліметтерді пошта арқылы немесе қағазды және электрондық тасымалдаушыда (CD-дисктер немесе DOC, DOCX форматында USB-флэш арқылы) қолма-қол тапсыру баламалы нұсқа болып табылады. ҮЕҰ туралы мәліметтерді ілеспе хатпен қосып, пошта арқылы немесе қолма-қол келесі мекен-жайға жолдауға болады: 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-ші кіреберіс, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

Infonpo.kz ақпараттық ресурсы іске қосылған 1 жыл уақыт ішінде өз қызметі туралы мәліметтерін электрондық түрде белгіленген мерзімде 3000 мыңға жуық ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) ұсынған.  Бұл сайтпен жұмыс жүргізудің қолжетімділігі мен есеп беру нысандарды толтыру рәсімінің жеңілдегенін көрсетеді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде infonpo.kz ақпараттық ресурсы арқылы үкіметтік емес ұйымдардың 2017 жылғы қызметтері туралы  мәліметтерін 2018 жылдың 31 наурызына дейін тапсыруларын сұраймыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір