• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:48:26
Алматы
+35°

16 Желтоқсан, 2017 NEWS

Үкімет «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын бекітті

Бағдарлама аясында 2022 жылға дейін 300 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Үкімет «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын бекітті.Бағдарлама басты 5 бағыт бойынша жүзеге асырылмақ деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Бағдарлама аясында 2022 жылға дейін 300 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Электрондық сауда-саттықты жалпы сауда-саттық көлемінің 2,6 пайызға дейін өсіру, интернет желісін пайдаланушылар үлесін 82 пайызға дейін, ал тұрғындардың цифрлық білімділігін 83 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр. Жалпы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға 310 млрд теңге қарастырылған. Болжам бойынша 2025 жылға қарай экономиканы цифрландырудан 2,2 трлн теңге көлемінде қосымша пайда көруге мүмкіндік бар. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір