• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:07:07
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2018 Денсаулық

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау жүйесінің перспективалық жоспары қаралды

Медициналық ұйымдардың ғимараттарының тозуы 50%-дан асады, олардың жартысы 30 жылдан астам уақыттан бері пайдаланылып келеді

Бүгін 2018 жылдағы Үкіметтің алғашқы отырысында Денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірыңғай перспективалық жоспар жасалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп Денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірыңғай перспективалық жоспарды әзірлеп жатыр.

Қазіргі кезде республикада халыққа медициналық қызметтерді 8 154 денсаулық сақтау нысаны көрсетеді (6 950 нысан (85,2%) – мемлекеттік, 1 204 (14,8%) – жекеменшік).

Медициналық ұйымдардың ғимараттарының тозуы 50%-дан асады, олардың жартысы 30 жылдан астам уақыттан бері пайдаланылып келеді.

Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың артық жүктемесі - 35%.

Медициналық техникамен жарақталу деңгейі  70,1% құрайды, жабдықтардың тозуы - 35% асады.

Қаржы ресурстарын тиімді бөлу, амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсетуде жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспары қарастырады:

– халықтың алғашқы медициналық көмекке қолжетімділігін жақсартумен әлеуметтік-бағдарланған алғашқы медико-санитарлық көмекті дамыту:

1)         жалпы тәжірибелі дәрігер учаскелерін қайта ірілендіру;

2)         ауылдарда медициналық нысанға дейін 20-минуттық қашықтықты және білікті дәрігерлік көмекті қамтамасыз ету;

–          аурухана секторын қайта құрылымдастыру:

1)         монопрофильді стационарларды (ауруханалар, диспансерлер) көпбейіндіге интеграциялау;

2)         орындарды қажетті бейіндерге қайта бейіндеу.

– денсаулық сақтау жүйесіне мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін енгізу.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір