• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:17:28
Алматы
+35°

02 Шілде, 2018 Аймақтар

ҰБТ-да ақтөбелік түлек 137 балл жинады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Уразбаева хабарлады

Ақтөбе облысындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Уразбаева хабарлады.

ҰБТ маусымның 21-нен 25-і аралығында Ақтөбе қаласындағы және аудандардағы 15 пунктте 4 ағымда өткізілді.

«6669 түлектің 5335-і тестілеуге қатысты. Орташа балл облыс бойынша 85,6 құрады, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 3,2 баллға және республикалықтан 2,6 баллға жоғары. Облыс бойынша ең жоғары балл – 137 баллда Ақтөбе қаласындағы №53 ОМ түлегі Алпамыс Ақжол жинады», - деді Ләззат Уразбаева.

Тестілеу уақытында бұзушылықтарға жол бермеу және тестілеуге қатысатындарды қорғау мақсатында тестілеуге кіргізген кезде түлектерді жиекті металл іздегіштерді қолдана отырып, қарады. Жиекті металл іздегіштер ҰБТ өткізілетін барлық 15 пунктте қолданылды, одан басқа ұялы телефон дабылдарын өшіретіндер, бейнебақылаулар пайдаланылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір