• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:29:18
Алматы
+35°

20 Наурыз, 2018 Car News

Uber жүргізушісіз басқарылатын көлік сынауды уақытша тоқтатты

Uber компаниясы АҚШ-тың барлық қаласында жүргізушісіз басқарылатын көлік сынауды уақытша тоқтатты.

Uber компаниясы АҚШ-тың барлық қаласында жүргізушісіз басқарылатын көлік сынауды уақытша тоқтатты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттықтың дерегіне сүйеніп. Бұған наурыздың 19-ы күні Аризона штатының Темпе қаласында жүргізушісіз басқарылатын көліктің жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткені себеп болып отыр.

Полицияның мәліметінше, автопилот режимінде кетіп бара жатқан көлік көшеде жаяу жүргінші өтуге болмайтын жерде кетіп бара жатқан 49 жастағы әйелді қағып өткен. Әйел жараланып, ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған.

Компания басшысы Дара Хосроушахи қайғылы оқиғаға қатты қайғыратынын мәлімдеді. Компания штат билігімен қайғылы оқиғаны тексеріп жатыр.

Көлік құрастыратын компаниялар, оның ішінде Ford пен General Motors жүргізушісіз басқарылатын көліктер жасауға көп қаржы құйып отыр. Осыған дейін де өзге компаниялар жасап шығарған жүргізушісіз басқарылатын көліктер апатқа ұшыраған. Мысалы, 2016 жылы Google корпорациясы сынаған көлік автобусты соғып өткен. Бірақ ол кезде ешкім зардап шекпеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір