• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:14:25
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2018 Аймақтар

ТЖД Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын абай болуға шақырды

Төтенше жағдайлар департаменті кез келген жағдайда 112 нөміріне хабарласуын сұрайды

Астана әкімдігі ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын абай болуға шақырады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында, барынша көшеде абай болуларыңызды сұраймыз.

Мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес береміз. Бұрқасын жел болған жағдайда, далада қалған болсаңыз, қауіпсіздік шараларын сақтауларыңыз қажет.

Атап айтқанда, құрылыс алаңдарынан ары жүріп, жарнама ілінген тақталардан сақтанып, электр сымдары мен ағаштардан айналып өтулеріңізді сұраймыз.

Төтенше жағдайлар департаменті кез келген жағдайда 112 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Дәл қазір қаладағы барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір