• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:56:05
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2017 Кәсіпкер

Тимур Құлыбаев: «Ауылдық жерлерде микронесиелеуді ұлғайту қажет»

Ақтауда ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту мәселесі талқыланды

Ақтауда ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту мәселесі талқыланды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановпен және өңірдегі бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу барысында ауылдық жерлерде микронесиелеуді ұлғайтудың қажеттілігін атап өтті.

Жиын барысында облыстың экономикасын арттыруға әсер ететін негізгі мәселелер, оның ішінде ауылдық жердегі кәсіпкерлік тақырыбы талқыланды.

Былтыр «Атамекеннің» бастамасымен еліміздің 6 өңірінде микронесиелеу бойынша қанатқақты жоба іске қосылған болатын. Атап айтқанда Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл мен Қостанай облыстарындағы кәсіпкерлікке шағын несие беру жобасы жүзеге асырылды. Жоба Үкіметке таныстырылып, оның нәтижесінде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.

«АЛМЭКС» холдингтік тобы, «ERG» мен «Қазақмыс» компаниялары микроқаржыландыру ұйымы үшін бір жарым миллиард теңгеден астам қаражат бөлді. Аталған облыстардың әкімдіктері де сондай сомада қаржы салды. Жауапкершілігі шектеулі серіктесте олардың 49% үлесі бар, ал 51% Ұлттық кәсіпкерлер палатасына тиесілі», – деп нақтылады Тимур Құлыбаев.

Қаржы ресурстарынан қарыз алушылардың негізгі бөлігі өсімдік өсіру (21,6%), мал шаруашылығы (37,6%) мен тұрғындарға қызмет көрсету (18,2%) салаларына арналды. Қазіргі таңда Бағдарлама аясында 18 млн теңгеге дейін несие 6% мөлшерлемемен 7 жылға дейін беріледі.Бағдарлама аясында 27 млрд теңге микронесиелеуге бөлінген, оның ішінде 16 млрд теңге «ҚазАгро» АҚ арқылы іскер асырылады, ал 11 млрд теңге микроқаржыландыру ұйымдары арқылы несиеге беріледі.

«Осы жылдың мамыр айына бөлінген 3 625 млн теңгеден 676 өтінім 3 296 теңге сомасында қаржыландырылды, яғни 91% игерілді. Оның үстіне, микроқаржыландыру ұйымы жылжитын және жылжымайтын мүлік, жер учаскесі, ауылшаруашылығы техникасын кепілдікке ала отырып, кепілдік саясатына жұмсақтық танытуда», – деп түсіндірді Төралқа Төрағасы.

Тимур Құлыбаев несие беру туралы шешімді бизнес өкілдерінен тұратын өңірлік кеңес қабылдайтынын нақтылады.

Өз кезегінде Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы «Bastau бизнес» оқыту бағдарламасын жүзеге асырғанда «Атамекен» МҚҰ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде микронесиелеуге қатысты көптеген өтініш түсетінін айтты. Сондықтан «Bastau бизнес» жобасын сәтті аяқтау мақсатында «Атамекен» МҚҰ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қор жинауы қажет. Облыс әкімдігі бұл бастаманы қолдады және «Атамекен» МҚҰ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қор жинау мәселесін таяу уақытта Ұлттық палатамен зерделеуге дайын екенін жеткізді.

Кездесуді қорытындылай келе, Тимур Құлыбаев аталған жобаның сәттілігі мен ауылдық жерлерде микронесиелеуді «Атамекен» МҚҰ» ЖШС арқылы ұлғайту қажеттілігін атап өтті.

Төралқа Төрағасы іс-сапар барысында облыстағы кәсіпкерлердің өнімдері қойылған көрмеге қатысты және түйенің пастерленген сүті мен коктейль шығаратын «W DOS AGARGAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Бұл компания осы 2017 жылы ашылған. Бүгінде компанияда 12 адам жұмыс істейді, болашақта олардың қатарын 200 қызметкерге дейін арттыру көзделіп отыр. Компания тауарды облыс нарығына өткізеді және зауыт өз өнімін Қазақстанға ғана емес, Біріккен араб әмірліктері мен өзгеде шет мемлекеттерге экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір