• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 01:35:00
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2018 NEWS

Туберкулезден ешкім сақтандырылмаған

Бұл туралы Астана қаласы «Санат әлемі» Қоғамдық қорының қызметкері Мұрат Медетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында хабарлады

Бұл туралы Астана қаласы «Санат әлемі» Қоғамдық қорының қызметкері Мұрат Медетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда әлемнің бірталай елінде туберкулез, әсіресе, көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулез қауіпті дерт болып қалып отыр. Ол сырқаттан ешкім сақтандырылып қорғалмаған. Сонымен қатар, жоғары өмір сүру стандарттары мен сапалы медицина қызметі бар өркениетті елдердің халқы да бұл қатардан табылады,-деді спикер.

Бұған сонымен бірге, туберкулездің таралуынан орын алатын тікелей және жанама әлеуметтік-экономикалық шығындарды қосқан жөн. Мұның бәрі, әрине, ұлттық және халықаралық деңгейдегі қауіп туғызарлық алаңдатушылыққа әкелмейтіндігіне кім кепіл.

Қазақстанда бұл маңызды проблеманы шешуге ел Үкіметі айтарлықтай ресурстар (қаражат) бөлу арқылы, үлкен бейілділік танытып келеді. Туберкулезді тез диагностикалаудың жаңа тәсілдемелері сәтті іске асырылуда, емдеу үшін жаңа схемалар мен дәрілер қолданылуда, туберкулездің алдын алудың заманауи тиімді технологияларына қолжетімділік арттырылған,-деп мәлімдеді.   

Қазіргі таңда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі, оның ішінде, қаржыландыру жүйесі де реформалау мен қайта құруды бастан өткеріп келеді. Денсаулық сақтауды реформалау шеңберінде туберкулезге қарсы мекемелерде стационарлық төсекті қысқарту және туберкулезге шалдыққан науқастарды амбулаториялық емдеуді кеңейту қарастырылуда. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының және Халықаралық туберкулезбен күрес одағының кеңесіне сәйкес, туберкулезбен күрес жөніндегі шаралар елімізде алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметі желісінде бірлестірілген,-деп баяндады.

Сондай-ақ, ол Туберкулезді бақылауда айтарлықтай жетістікке жетуге билік органдарымен бірге шоғырланған, жүйелі реттелген ведомствоаралық және салааралық өзара іс-қимыл да өз үлесін тигізді. Туберкулез көрсеткіштерінің одан әрі жақсаруына кейбір аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдайлар, әсіресе, туберкулез бойынша жағдай ықпал етуі ықтимал. Үкіметтік емес ұйымдардың Бұқаралық ақпарат құралдарының және түрлі бизнес құрылымдарының кеңінен қатысуымен стигма мен кемсітушілікті төмендету бойынша кешенді шаралар өткізу арқылы күш-қуатты біріктіре, ортақ бірлесе жасалған әрекеттер арқасында қол жеткізуге болады,-деді Медетов Мұрат.

Әрине, ел арасында, туберкулезге шалдыққан науқас ұзақ уакытқа қоғамнан оқшауланады делінген пікір кеңінен қалыптасқан. Алайда бұл қателескен үрей. Бүгіндері көптеген зерттеу-тексерулермен расталған нақты деректер бар. Туберкулезге шалдыққан науқастардың басым көпшілігі амбулаториялық ем қабылдай жүріп, дұрыс ем қабылау барысында өзінің еңбек қызметін жалғастырып жүре алады. Соған сәйкес, туберкулез бүгіндері кәсіпкерлік қызметке кері ықпал етпейді.

Сондай-ақ, айта кеткім келетін тағы бір жәйт, бүгінгі күні туберкулез, дер кезінде қаралған жағдайда, дұрыс диагностикаланып, емделген жағдайда, толық айығып кетуге болатын сырқат. Осы күні еліміздің барлық өңірінде туберкулезді емдеудің жаңа дәрілермен инновациялық емдеу әдістері енгізілген. Ем мерзімі 9 айға дейін (24 ай және одан көп мерзімге созылған) қысқарған, науқасқа шалдыққанға дейін жұмыс істеген науқастардың басым бөлігі интенсивті курстар қабылдағаннан кейін, еш қиындықсыз еңбек қызметтерін жалғастыруға қайта оралып жатады. Және олар ем алуды үйлерінде немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаларда жалғастырады. Сондай-ақ, Қазақстанда орын алып жатқан тағы бір жаңашыл жағдай – бұл процеске үкіметтік емес ұйымдарды тарту. Олар науқастар мен медициналық ұйымдар және туберкулезге байланысты проблемаларды шешуге қатысатын сондай-ақ оны шешуге ықпал ететін адамдар арасын байланыстырушы звено болып табылады,-деп сөзін қорытындылады Мұрат Медетов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір