• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:39:52
Алматы
+35°

23 Қараша, 2017 Әлем

Тұтқындалған саудиялық ханзадалар азапталып жатыр

«Оларды ұрып, азаптап жатыр, қорлап жатыр. Еркіндігін тежеуге тырысып бағуда», - деп хабарлады есімінің белгісіз болуын қалаған біреу басылымға.

Сауд Арабиясында тұтқындалған мемлекет өкілдері, оның ішінде ханзадалар жауап алу барысында азапталып жатыр. Бұл туралы РИА Новости мәлім етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Оларды ұрып, азаптап жатыр, қорлап жатыр. Еркіндігін тежеуге тырысып бағуда», - деп хабарлады есімінің белгісіз болуын қалаған біреу басылымға.    

Айта кетейік, қарашаның басында Сауд Арабиясында жемқорлықпен күрес комитеті елдің 40 ықпалды азаматын – корольдік отбасы мүшелерін, бұрынғы министрлерді, әскерилер мен ірі кәсіпкерлерді ұстауға бұйрық алған. Алғашқы жемқорлыққа қарсы кампания аясын тергеу барысында 100 миллиард долларға жуық жемқорлық әрекеттер анықталған.

Басылымның мәліметінше, азаптауға Blackwater жеке әскери компаниясының мұрагері саналатын америкалық Acadtmi қауіпісздік компаниясының қатысы бар. Алайда Academi өкілі мұны жоққа шығарды.

Ал тергеуге Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман әл Саудтың өзі қатысуы мүмкін екені хабарланды. Осылайша Мұхаммед бен Салман ханзадалардан пара алған шетелдік шенеуніктердің болжамды желісін анықтамақ.

Басылымның хабарлауынша, банк есепшотынан 194 миллиард доллар тәркіленген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір