• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:19:14
Алматы
+35°

19 Қараша, 2017 NEWS

Тұрсынғали Алагөзов жалған құжат жасағаны үшін күдікті деп танылды

Баян Есентаеваның күйеу жігіті Тұрсынғали Алагөзов заңсыздық пен жалған құжат жасағаны үшін күдікті деп танылды.

Тұрсынғали Алагөзов заңсыздық пен жалған құжат жасағаны үшін күдікті деп танылды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Today.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Алайда Тұрсенғали Алагөзов бұны жоққа шығарып отыр. Тұрсынғали Алагөзов заңды бұзып өз бетімен жалған құжат жасағаны үшін күдікті деп танылған. ҚР ҰҚК Алагөзовтің атында 2 жеке куәлік пен 2 шетелге шығуға арналған төлқұжат бар екенін анықтаған.

Аталған құжаттар Қазақстанда жасалған, алайда құжат Тұрсынғали Алагөзовтің есімімен жасалмағаны анықталды. Жалған құжатта Тұрсынғали Алагөзовтің аты-жөні Дәуен Джангутин деп берілген. Бұл құжат бойынша Тұрсынғали Алагөзов 1970 жылы 37 қазанда Павлодар облысында дүниеге келген.

Тұрсынғали Алагөзов өз кезегінде бөтен адамның есімімен жасалған құжатқа ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

Аталған ақпаратты бұрын Алагөзовтің иелігінде болған  АО Galanz bottlers компаниясының қызметкерлері хабарлаған. Жалған құжат туралы Алагөзовтің компаниясының  қызметкері құпия есіммен айтқаны белгілі болды.

Жалған құжат бойынша тексеру жұмыстары 15 тамызда басталған. Тексеру кезінде жалған құжаттың түпнұсқасына қатысты азамат табылды. Алайда Дәурен Джангутин есімді азаматтың  жеке куәлігі бар екені анықталды. Қазіргі кезде арнайы мамандар қолтаңба бойынша жалған құжаттың нақты кімге тиесілі екені анықтап жатыр.

time.kz

Ал заңсыздық бойынша тексеру жұмыстары 19 қазанда басталыпты. Сол күні Тұрсынғали Алагөзов бірнеше жігіттермен Galanz bottlers зауытына баса көктеп кірген. Тәртіпсіздіктің 4 сағатқа созылғаны белгілі болды. Кейін полиция қызметкерлері араласып, тәртіпсіздікті тоқтатқан.

Бизнесменнің бұрынғы жұмыс орнына не үшін баса көктеп кіріп, тәртіпсіздік жасағаны сол күйі белгісіз болып қала берді. Алайда бұрынғы қызметтестері Тұрсынғали Алагөзовтің жасаған заңсыз әрекеті үшін жазаланғанын қалайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір