• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:45:06
Алматы
+35°

13 Шілде, 2018 NEWS

Александр Кузнецов алматылық Сырым Мұратқалиевтің өлімі бойынша «Байқаусызда өлімге әкеліп соққан денсаулыққа зиян келтіру» бабы бойынша сотталған. Қапшағай қалалық соты жазаның өтелмеген бөлігін 1 млн 97291 теңге айыппұлға алмастырды. Бір апта бұрын ол бостандыққа шықты. Александр Кузнецовтің Informburo.kz корреспондентіне берген сұхбатын ықшамдап назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

Жазаны жеңілдету үшін қандай жұмыстар атқардыңыз?

- ЛА-155/14 мекемесіне келген күннен бастап, басымнан өткен жағдайларды бір сәтке болса да ұмытып, жазасын өтеушілер үшін де пайдалы іс жасау үшін қоғамдық жұмыспен айналыстым. Менің ұсынысым бойынша түрме ауласындағы дүкеннің жұмысы жақсартылды. Біз бақша жасап, түрлі үйірмелерді ұйымдастырдық. Ол әлі күнге дейін жұмыс істейді.

Мен колонияға 2016 жылы келдім. 2015 жылы жеміс ағаштары да болған екен. Барлығын шауып тастаған. Көңілге қаяу ұялататын жер. Бірақ қазір барлығы қайта қалпына келтіріліп жатыр. Адамдар тұруға болатын жерге ұқсап қалды.

Жоғарыда айтып өткен дүкеннің жағдайы қандай еді?

Заң бойынша мекемеде жазасын өтеушілерді барлық қажетті тауармен қамтамасыз ететін дүкен болу керек. Жазасын өтеушілерге айына бір рет жалақы беретін. Сол уақытта дүкен ашылады. Келесі айға дейін жазасын өтеушілер ештеңе сатып ала алмайды. Жалақыдан тыс туыстары ақша жіберген жазасын өтеушілер ештеңе сатып ала алмай қалатын. Тексеріс жүргізілмегендіктен сатушы айына бір рет қана дүкенді ашып жүр деген ойға келдім. Шағым түсіргеннен кейін тексеріс жүргізілді. Дүкеншімен келісім шартқа өзгерістер енгізілді. Осыдан кейін сатушы күнделікті дүкенді ашып, қажетті тауармен қамтамасыз етуге мәжбүр болды.

 Мекеме басшылығы бұған қалай қарады? Белсенділерді онда онша ұната бермейтін шығар...

Колонияда «белсенді» сөзі жақсы мағынада қолданылмайды. Қазіргі әкімшілік либералды. Бастапқы кезде болған басшылық маған және басқа да адамдарға қиындық тудырған еді. Менің шағымым бойынша мекеме әкімшілігінің бір қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұрынғы әкімшілік кезінде заң мүлде орындалмаған. Іс әлі бітпеді, сондықтан бірдеңе деудің қажеті бар ма, жоқ па білмеймін. Әдетте мұндай жағдай туралы ешкім тіс жарып айтпайды. Себебі өзіне сенімділік жағы ақсап тұрған немесе өзін дамытуда мәселелер бар адамдар қақпадан өткеннен кейінгі жер өз мемлекеті деп ойласа керек. Олар сөздері мен әрекеттеріне жауап бермейді. Заңға бағынбайды. Бұған барлық адам шыдап тұрмақ емес. Бұрын мен ғана шағым түсіретінмін, уақыт өте келе көбі бассыздық туралы жаза бастады. Қазір осы іс бойынша тергеу жұмыстары басталды.

- Колонияда немен айналыстыңыз?

-Колониядағы өмір – іш пыстырарлық. Барлығы уақытпен. Күндердің бір бірінен еш айырмашылығы жоқ. Таң ертең тұру, таңғы ас, түскі ас, кешкі ас, ұйықтау. Мен бірнеше үйірме ұйымдастырдым. Көп кітап оқыдым, жұмыс істедім. Түрмеге іздеп келген достарым маған күш берді.

Бастапқы кезде қара жұмысшы болдым. Одан кейін мекеменің медициналық санитарлы бөлімінде жұмыс істедім. Ойым бөліну үшін қосымша жұмыс істедім. Достарым жіберген кітаптарды оқыдым.  Айлығым – 24 мың теңге болды. Қара жұмысшы болғанда жалақым 15 мың теңге болатын. Өзіме көп ақша жұмсамайтынмын. Анама ақша керек екенін білгенде оған жібере бастадым. Заңгер және электр-техникалық жұмыстарды да атқардым. Камераластарыма шағым, өтініш жазуға көмектестім. Заңгерлік кеңес бердім. Колониядан шыққанда өтініш пен шағымның бірнеше үлгісін тастап кеттім.

- Осы үш жыл ішінде қандай сәттер ерекше есіңізде қалды?

- Қуанышты сәттер көп болмады, алайда негативті ысырып қояйықшы. Әкімшілік ауысқанда азаптауларға тоқтау қойылды. Басқа жасақтағылармен бірігіп бірнеше үйірме ұйымдастырдық.  Ағылшын тілін үйрену, спортпен шұғылдану деген секілді. Спортқа көбі қызықты. Күнделікті жаттығулар. Мұның барлығы жазаны жеңілдетуге қажетті құжаттарға кірістірілді. Бұл естеліктердің ішіндегі ең жағымдысы болар.

Көршілеріңізбен қарым-қатынасыңыз қандай болды?

- Жақсы. Жаңа достар таптым. Олармен бостандықта араласып тұрамын деп жоспарлап отырмын.

Колонияда шулы іспен түрмеге түскендерді кездестірдіңіз бе?

- Әсет Матаев (ҚазТАГ директоры) пен Қайрат Жамалиевпен (Алиби ісі бойынша сотталған) араластым. Барлығына жалынды сәлем. Өте жақсы жігіттер.

- Жақсы жұмыс таба аламын деп ойлайсыз?

- Мен жұмыс туралы ойландым. Осындай жағдай өткерген адамдармен сөйлестім. Сотталғандарға жұмыс табу қиын екенін айтады. Мен бұған дейін қаржы мекемелерінде жұмыс істедім. Менің ойымша, мені ол жерге жақындатпайды. Себебі мен түрмеде жатып келдім. Әзірше білмеймін. Көреміз. Программист, айтишник болып жұмыс істей аламын. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жұмыс таба аламын деп ойлаймын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір