• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:57:51
Алматы
+35°

27 Қараша, 2017 Саясат

Түркия президенті отставкаға кетуге уәде берді, егер...

Эрдоғанның адвокаты оппозиция өкіліне қарсы сотқа арыз түсірді және моральдық өтемақы ретінде 380 мың доллар төлеуді талап етті

Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоган, Халықтық-республикалық оппозициялық партия көшбасшысы Кемаль Кылычдароглу жемқорлыққа қатысты айыптарын дәлелдей алса отставкаға кетуге уәде берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Эрдоған басқаратын партия бұған дейін Түркия премьер-министрі балаларының офшорлы компанияға қатысы бар деген ақпаратқа байланысты парламентте оны талқылауды болдырмай тастаған. Кылычдароглу бұл шешімді сынап, Эрдоғанға халық алдында өз дәулеті туралы есеп беруге шақырды. Саясаткердің айтуынша, президенттің балалары мен туыстары офшорлы компанияға бірнеше миллион доллар салған.

Эрдоғанның адвокаты оппозиция өкіліне қарсы сотқа арыз түсірді және моральдық өтемақы ретінде 380 мың доллар төлеуді талап етті.   

«Егер дәлелдеріңіз болса, көрсетіңіз. Мен сонда жауап беремін. Ал егер дәлеліңіз болмаса кешірім сұраңыз. Қандай шетелдік банкте шотым бар екенін дәлелдесін. Егер дәлелдей алмаса саясаттан кетсін. Ал егер дәлелдесе мен отставкаға кетемін» деді Эрдоған телеарна эфирінен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір