• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:29:10
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2018 NEWS

ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының дəстүрлі "Баспасөз сыйлығы" табысталды

Түркияның Кастамону қаласында ТҮРКСОЙ-ға мүше елдер өкілдерінің қатысуымен 2017 жылды қорытындылау жиыны өтті

ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының дəстүрлі "Баспасөз сыйлығы" табысталды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Түркияның Кастамону қаласында ТҮРКСОЙ-ға мүше елдер өкілдерінің қатысуымен 2017 жылды қорытындылау жиыны өтті. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы ұйымдастырған салтанатты шарада түркітілдес елдердің рухани өміріне үлес қосқан бірқатар азаматтарға үздіктер премиясы табысталды.
Мәртебелі жиынға ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркияның Мəдениет жəне туризм министрінің орынбасары Хусейн Яйман, Кастамону қаласының губернаторы Яшар Карадениз, Кастамону қаласының басшысы Тахсин Бабаш жəне Түркияның бірқатар қалаларындағы губернаторлар мен əкімдері, Түркі елдерінің өкілдері қатысты.

Түркия

Осы орайда 2017 жылғы  "Түркістан-Түркі əлемінің мəдени астанасы" жобасын насихаттауға ерекше үлес қосқан Қазақстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан, Гагаузия жəне Солтүстік Кипр, Болгария, Македония, Түркия елдерінің ақын-жазушылары мен журналистеріне ТҮРКСОЙ-дың дəстүрлі «Баспасөз сыйлығы» берілді.

Түркия

Сондай-ақ, Түркі елдеріне ортақ маңызды іс-шараларды кеңінен насихаттауда айрықша үлес қосқаны үшін біздің елімізден Оңтүстік Қазақстан облысының Мəдениет жəне тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының редакторы Мадина Айтпенбетова мен «Казинформ» Халықаралық Ақпараттық агенттігінің редакторы Жанар Мұхамедиярова да бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір