• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:42:55
Алматы
+35°

17 Наурыз, 2018 Ғылым-білім

ТҮРКСОЙ шәкіртақы тағайындады

Ғалымқайыр Мұтанов ТҮРКСОЙ ұйымының басшылығына студенттерге көрсеткен қолдаулары үшін ерекше алғысын білдірді.

Бұдан 3 жылға жуық уақыт  бұрын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының бастамасымен Шығыстану факультетінде ТҮРКСОЙ кафедрасы ашылған болатын. Жақында осы кафедраның ең үздік студенттеріне Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) атынан игі дәстүрге айналған шәкіртақы арнайы табыс етілді.

Халықаралық ұйымның  ТҮРКІСОЙ-дағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Асқар Тұрғанбаев ТҮРКСОЙ кафедрасының "Түркітану", «Шетел филологиясы: түрік тілі», «Аударма ісі», «Шығыстану» мамандықтары бойынша білім алатын студенттерді ынталандыру және әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында берілген шәкіртақыны арнайы келіп табыстады.  Әрбірі 100 000 (жүз мың) теңге көлеміндегі бір реттік шәкіртақы ТҮРКСОЙ кафедрасының белсенді және ең озат 5 студентіне берілді.

Жиында сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымның ТҮРКІСОЙ-дағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Асқар Тұрғанбаев Әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университетінің басшылығын соңғы уақыттағы білім беру мен ғылым саласындағы халықаралық деңгейде қол жеткізген жетістіктерімен құттықтап, халықаралық ұйым мен университет арасындағы  ынтымақтастықтың бұдан әрі де дами түсетініне сенім білдірді.

 Жиын соңында  әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ТҮРКСОЙ ұйымының басшылығына студенттерге көрсеткен қолдаулары үшін ерекше алғысын білдірді.

ТҮРКСОЙ кафедрасы

 Ешметова Б.Б.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір