• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:10:12
Алматы
+35°

21 Сәуір, 2018 NEWS

Түркістанда Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына конференция өтті

Министр құттықтау хатта "Осындай өзекті мәселелерге арналған басқосулар ел мәдениетінің өркендеуі мен тарихи санамыздың жаңғыруына әкеледі.

Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандарының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы рөлі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 
 
Конференцияның негізгі мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы және Орбұлақ шайқасындағы жеңіске 375 жыл толуына орай бабалардың ерлігін ұлықтау, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, киелі жерлерді кеңінен таныту, тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау, насихаттау арқылы келешек ұрпақ кәдесіне жарату, сонымен қатар түркі халықтарының рухани пірі Қожа Ахмет Ясауи мұраларының тарихтағы орны және отандық музей саласындағы актуалды проблемаларды сараптау, талдауға арналған. 
Түркістан
 
Конференция жұмысына «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов, ҚР Ұлттық музейдің аға ғылыми қызметкері Абсеметова Жұмакұл, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ оқытушысы, т.ғ.д., профессор Тұрсын Хазіретәлі, Қарағанды облысы бейнелеу өнері музей директорының орынбасары Аршабеков Темірғали, «Абылай хан резиденциясы» музейінің директоры Садаев Аян, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Газимова Сая, Ш.Уәлиханов атындағы музей директоры Көлібаев Уәлихан, Ордабасы қорық-музейінің Бас қор сақтаушысы Касимов Бақытжан, «Ежелгі Тараз» есекрткіштері қорық-музейінің аға ғылыми қызметкері Шілдебаева Жазира, Қызылорда облысы, ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері Көкебаев Дархан, Отырар қорық музейінің кіші ғылыми қызметкері Абдухахитов Ерқожа, Ғ.Мұратбаев музейінің ғылыми қызметкері Жадырасынова Алтынай, сынды тарих, филология, философия, шығыстану, мәдениеттану салаларының ғалымдары мен мамандары қатысты. 
 
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов Орбұлақ шайқасындағы жеңіске 375 жыл толуына орай өткізілген конференция жұмысына сәттілік тіледі. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау хатын оқып берді. 
 
Министр құттықтау хатта "Осындай өзекті мәселелерге арналған басқосулар ел мәдениетінің өркендеуі мен тарихи санамыздың жаңғыруына әкеледі. 
 
Батыр бабаларымыздың азаттық жолындағы қайраткерлік күрестеріне арналған бүгінгі конференция төл тарихымызды тереңірек зерттеуге, ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін"-деп, өз пікірін білдірген.
 
Конференция барысында «Киелі жерлер – ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны», «Орбұлақ шайқасы туралы деректер сыр шертеді», «ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік тарихы», «Жоңғар хандығының қазақ даласына жасаған жорықтары», «Жалаңтөс баһадүр», «Орбұлақ шайқасындағы – Салқам Жәңгір» сынды баяндамалар оқылды.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір