• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 19:01:57
Алматы
+35°

22 Маусым, 2018 NEWS

Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды

Жаңа тағайындауға дейін Әліпбек Шәріпбекұлы Оңтүстік Қазақстан облысын әкімінің орынбасары болып қызмет етіп келді.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен ҚР Президенті әкімшілігінің және Түркістан қалалық мәслихатының келісімімен Түркістан қаласы әкімі лауазымына Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев тағайындалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Облыс басшысы қала активін облыс орталығы болып Түркістан қаласының бекітілуімен құттықтап, шаһар басшысын таныстырды.  

Айта кетейік, Әліпбек Өсербаев 1961 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі инженер, химик-технолог. Еңбек жолын 1983 жылы Қарағанды асбест-цемент өнімдерін шығаратын зауытының машинисті ретінде бастаған.

1986-2014 жылдары Түркістан қаласы құрылыс детальдары мен конструкциялары комбинаты зертханасының инженері, мастері, экономисті, цех бастығы, бас инженері, «Қуат Суиндустрия» АҚ, «KazakhConstruction Industry» АҚ Түркістан қаласы рудасыз материалдар комбинаты филиалдарының директоры, Түркістан қалалық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы, Түркістан қаласы құрылыс бөлімінің меңгерушісі, Кентау, Түркістан қалалары әкімдерінің орынбасары, Түркістан қаласының әкімі, облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы, 2014 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың желтоқсанына дейін Түркістан қаласы әкімі қызметін атқарған.

Жаңа тағайындауға дейін Әліпбек Шәріпбекұлы Оңтүстік Қазақстан облысын әкімінің орынбасары болып қызмет етіп келді.

Айта кетейік, Әліпбек Өсербаев осымен үшінші рет рухани астананың әкімі қызметіне тағайындалып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір