• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:33:14
Алматы
+35°

21 Маусым, 2018 NEWS

Түркістан облысының әкімі тағайындалды

Түрлі лауазым қызметтерді атқарған ол 2007-2010 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрі болған.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Түркістан өңірінің активіне облыс әкімін таныстырды. Бұл лауазымға бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысын басқарған Жансейіт Түймебаев тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев 1958 жылы дүниеге келген. Түркістан облысының әкімі Шымкенттегі шопандардың балаларына арналған мектеп-интернатында білім алған.

Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген. Еңбек жолын 1980 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті болып бастаған. 

Түрлі лауазым қызметтерді атқарған ол 2007-2010 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрі болған. 

2016 жылдың қазан айынан осы күнге дейін Оңтүстік Қазақстан облысын басқарды. Ал оған дейін Қазақстанның Түркия еліндегі төтенше және өкілетті елшісі болды.

Aigerim Taubay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір