• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:27:36
Алматы
+35°

03 Шілде, 2018 NEWS

Түркістан облысында 45 градус аптап ыстық болады

Шымкенттегі жұқпалы аурулар емханасына тәулігіне 300-ге жуық науқас түсіп жатыр.

Түркістан облысында 5-6 шілде күндері аптап ыстық болады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ауа температурасы бұл күндері 45 градусқа дейін жетуі мүмкін. Қазгидромет мамандары шілденің екінші жартысында ғана күн райы өзгереді дейді. Өңірде жаңбыр жауып, күн аздап салқындайды.

Айта кетерлігі, жаз басталғалы балалар арасында жедел ішек инфекциялық аурулары өрши түскен. Мәселен Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасына түскен науқастар саны екі есе артты. Мұнда жедел-жәрдем көлігімен келетіндер саны аптасына 1800-ге дейін барады. Бұл тәулігіне шаққанда 250-300 емделуші болып саналады. Дәрігерлердің айуынша, олардың  барлығы бірдей ауруханаға жатқызылмайды. Амбулаторлық ем алуға мүмкіндігі барлары емханаларға жіберіледі.

Гүлнәр Исабаева, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі:

"Жеміс-жидектердің қауын-қарбыздың пісуіне де байланысты жедел ішек инфекциясымен қаралып жатқан науқастардың саны артқан. Біз қаралған науқастардың барлығын жатқыза бермейміз. Жағдайына байланысты орташа жеңіл түрлері болатын болса, кеңесімізді беріп амбулаторлық жағдайда немесе үйде емделуге кеңес беріп жібереміз".

Салтанат Қоныс, инженер-синоптик:

"Аптап ыстық бізде шілденің 1 нен басталып кетті. Қазіргі кезде 6-7-8 яғни мейрам күндері қатты ыстық күтіледі. Негізі шілде айының бірінші онкүндігінде қатты ыстық. Плюс 40, +45 градус. Шілде айында бізде жауын-шашын күтілмейді. Тек 20-нан кейін ғана жауын-шашын болуы мүмкін".

Erkebulan Nurekesh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір