• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:04:08
Алматы
+35°

04 Шілде, 2018 Оқиғалар

Түркістан облысында 26 көшеге "Астана" атауы берілді

Бұдан бөлек,  өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан 30-ға жуық азамат «Астанаға 20 жыл» медалімен марапатталды.

Түркістан облысында Елордамыз – Астананың 20 жылдық мерекесіне арналған «Асқақатай бер, Астана!» атты салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылды. Жиынға облыс әкімі Ж.Түймебаев, облыстық маслихат хатшысы Қ.Балабиев, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдас, аумақтық басқармалар мен департамент басшылары, зиялы қауым өкілдері және Түркістан қаласының қонақтары мен тұрғындары қатысты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Шара Астана қаласының 20 жылдығына арналған көрмемен бастау алды. Онда Елордамыздағы әсем де, сәулетті ғимараттардың нобайы бейнеленген түрлі бұйымдар жұрт назарына ұсынылды.

Салтанатты жиында аймақ басшысы Астана қаласының ел тарихында алар орнын екшеп, айтулы күнге орай өңірімізде өткізілген шараларды атап өтті.

«Астана – Қазақстан тәуелсіз¬дігінің Ұлы тұғыры. Елорда – Елбасы идеясының іске асырылуы және барлық Қазақстан халқы еңбегінің нәтижесі. Астананың қалыптасуы Тәуелсіздік шежіресімен тығыз байланысты және мемлекетіміздің бүгінгі жетістіктерінің символы болып табылады. Астана – Қазақстан тәуелсіз¬дігінің Ұлы тұғыры. Елорда – Елбасы идеясының іске асырылуы және барлық Қазақстан халқы еңбегінің нәтижесі. Елдің көңіл қуанышына айналған ару қаламыздың мерей тойына орай өңірімізде «Ел жүрегі – Астана» атты 532 іс-шара өткізілді. Елорда құрметіне орай облыстың бірқатар елді мекендерінде 26 көшеге «Астана» атауы берілді. «Елордаға сыйлық» жобасы бойынша Түркістан облысы тарапынан Астана қаласына тарту ретінде жалпы құны 766,2 млн. теңгені құрайтын 5,2 шақырым веложол нысаны салынды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін облыс көлемінде бірқатар әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, білім беру нысандары, мәдениет үйлері, спорт кешендерінің ашылу салтанаты Астана қаласының 20 жылдығы мерейтойымен орайластырылуда», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Салтанатты шара барысына  ҰОС және еңбек ардагерлері, Парламент және облыстық мәслихатының депутаттары, заң қызметкерлері, білім, мәдениет және спорт саласының өкілдері жалпы саны 24 азамат азамат облыстың  «Құрметті азаматы» атағын алды. Олардың қатарында  еңбек ардагерлеріАсқар Құлыбаев, Оразалы Омаров, Ділдәбек Тойжанов, Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев,  кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов,  «Қазақ күресі» Бүкіл әлемдік федерациясының бірінші вице-президенті  Серік Төкеев, «Болашақ» үздіксіз білім беру орталығының директоры Саттар Қуашбай бар.

Бұдан бөлек,  өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан 30-ға жуық азамат «Астанаға 20 жыл» медалімен марапатталды.

Мерекелік шараның соңы өңіріміздің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір