• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:51:16
Алматы
+35°

19 Маусым, 2018 NEWS

Түркістан облыс орталығы болды: Назарбаев жарлыққа қол қойды

Ақордада «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойылды.

Ақордада «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Рәсім барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентті Астана және Алматымен қатар Қазақстандағы миллион тұрғыны бар қалалардың қатарына қосылғанын ресми мәлімдеді.  

"Мен қол қойған "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңның 3-бабының 1-тармағына сәйкес, Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болды. Бұл әкімшілік бірлік еліміздің он жетінші аймағы атанды. Ал қазақ хандығы мен түркі әлемінің жүрегіне айналған Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді", - Қазақстан президенті. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша бұл өңір енді Түркістан облысы деп аталатын болады. 

"Бұл әкімшіліктің аумақтың құрылымдық өзгерістері осы өңірдің өркендеуіне тың серпін беруін көздеген тарихи құжат болады. Оңтүстік Қазақстан еліміздегі экономикалық, көлік, логистикалық, демографиялық әлеуеті зор аймақ. Биыл халқының саны миллионға жеткен Шымкент Қазақстанның ең ірі үш мегаполисінің  қатарына қосылды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір