• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:18:06
Алматы
+35°

07 Сәуір, 2018 Аймақтар

Түркістан мен Кентауды дамыту көзделіп отыр

Қала әкімінің мәлімдеуінше, жыл соңына дейін қала және ауыл халқы толық орталықтандырылған таза сумен қамтылатын болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2018-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы талқыланды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен алқалы жиында Түркістан қаласының әкімі Тәжібек Мұсаев қаланың даму копцепциясымен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімінің сөзінше, Түркістанда биыл жалпы өңірлік өнім көлемі 125 524,8 млн теңгені құрап, 7 пайызға арттыру жоспарлануда. Ал, 2025 жылға бұл көрсеткішті 227 825,5 млн теңгеге жеткізу көзделіп отыр.

«Тұран жерінде туризмді дамыту үшін 2018 жылы 3 жұлдызды қонақ үй, 2000 адамға түрлі қызмет көрсету мүмкіндігі бар «Mega city» ойын-сауық кешені мен 100 адамға арналған Спорт сауықтыру кешенін іске асыру көзделуде. Қала тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша биыл жалпы 5 нысанның құрылысына 821,6 млн теңге бөлініп, 2018-2019 жылдары пайдалануға беріледі. 2025 жылға дейін Түркістан қаласында және елді мекендерде халықтың табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткіші 99,9 пайызға жеткізу жоспарланып отыр», - деді Тәжібек Мұсаев.

Әкім сондай-ақ тұрғын үй саласында биылғы жылы 20 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілетінін жеткізді. Оның айтуынша, 2019-2025 жылдар аралығында Түркістан қаласында бюджет есебінен жалпы 280 мың шаршы метр арендалық тұрғын үй салынып, 4 800 отбасыға пайдалануға берілетін болады. Ал, Кентау қаласының 2018-2025 жылдарға арналған даму концепциясын таныстырған қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев шаһардың даму концепциясы 4 бағытта іске асырылатын айтты.

«Әуелгі бағыт - өнеркәсіп саласын дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті ілгерілету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласы және әлеуметтік нысандардың және инженерлік инфрақұрылымдарды жаңғырту. Мәселен, Кентауда жалпы 2018-2025 жылдары өнеркәсіп саласында жобалық құны 55,5 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. 2018 жылы шағын орта бизнес саласында 760,0 млн теңгеге 151 жоба қаржыландырылып, 265 адам жұмыспен қамтылатын болады», - деді Әбдібақыт Тілләбайұлы.

Қала әкімінің мәлімдеуінше, жыл соңына дейін қала және ауыл халқы толық орталықтандырылған таза сумен қамтылатын болады. Табиғи газбен қамтасыз ету үшін 2018 жылдан бастап ішкі орам жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, 2021 жылға дейін қала және ауыл тұрғындары 100 пайыз табиғи газбен қамту жоспарлануда.

«Өңірлерді дамыту - 2020» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары аясында 2018-2025 жылдары бір типтік үлгідегі 5-қабатты 60 пәтерлі 37 тұрғын үйдің құрылысын жүргізіліп, тұрғын үйге мұқтаж, кезекте тұрған 2 220 отбасы коммуналдық тұрғын үймен қамтылады.

Түркістан, Кентау қалаларының даму копцепциясын тыңдаған облыс әкімі қала әкімдеріне жобаны нақты жүзеге асыру үшін әле де зерттеп, зерделеу жұмыстарын тапсырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір